М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті «Жастар және Ғылым -2022» атты 79-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясы

«Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасында «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» секциясы бойынша 2022 жылдың  13 сәуірінде «Жастар және ғылым-2022» атты 79-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

 

 Конференцияның мақсаты: студенттер мен жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін арттыру, өз жұмысының нәтижелерін өз бетінше таныстыруға мүмкіндік беру, ғылыми нәтижелерді көпшілік алдында талқылай отырып, аудитория алдында сөйлеу мәдениетін дамыту

Уразова Диана «Критериальное оценивание учебных достижений учащихся в начальной школе», Бондарь Вероника «Развитие рефлексивных умении у детей младшегошкольного возраста», Сағидуллиева Аружан «Бастауыш сынып оқушыларының ізденушілік,зерттеушілік қабілеттерін арттыру», Аминова Асем «Қазақ тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының орфографиялық дағдыларын қалыптастырудың ғылыми негіздері», Салахитдинова Менсулу «Бастауыш сыныпта пәнаралық байланыс негізінде дүниенің ұлттық бейнесін қалыптастыру», Сағидулла Альбина «Жеткіншек шақтағы аддиктивті мінез-құлық ерекшеліктері және оның алдын-алу шаралары», Бралиева Анар «Білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі бағыттары», Зайдағалиева Нұрдана, «Балабақшада STEAM технологиясын қолданудың тиімділігі» баяндамаларын ұсынды.

Конференция соңында «Жастар және ғылым» конференциясының төрағасы Хасанова Инкар Утебаевна  сөз сөйлеп, үздік деп танылған бірқатар ізденушілерді атады. Олардың қатарында «Тарих» мамандығының 2 курс студенті Сағидулла Альбина 1 дәрежелі, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 3 курс студенті Зайдағалиева Нұрдана 2 дәрежелі, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 курс магистранты Салахитдинова Менсулу 2 дәрежелі,  «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс магистранты Аминова Асем 3 дәрежелі, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс студенті Бралиева Анар 3 дәрежелі, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс магистранты Шугаева Эра 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

 

«Жастар және ғылым» атты студенттер, магистранттардың, жас ғалымдардың ғылыми- конференциясына белсене қатысқандары үшін «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 курс студенті Сағидуллиева Аружан,  «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 курс студенті Бондарь Вероника белсенді қатысқандары үшін алғыс хатпен марапатталды.