Ағымдағы жылдың 16 қарашасы күні Педагогикалық факультеттің «Педагогика және психология» кафедрасының 7М01109 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының ІІ курс магистранттары А.Дакишева мен Ә.Өтегенова кәсіптік сараман кезіндегі жеке жоспарларына сай 3 курс студенттерінің арасында «Ахмет Байтұрсынұлы – Ұлттың ұлы ұстазы»тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Шараға 15 студент қатысып, белсенділік танытты.
Қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықшазортұлға-Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, ұлт ұстазының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде студенттердің бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту, ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған аталмыш шара студенттер үшін сапалы әрі нәтижелі болды. Студенттердің қызығушылығын ояту, қозғалыс белсенділігін арттыру үшін «Түрлі түсті ұшақтар» тренингі ұйымдастырылып, жоғары көңіл-күй сыйлады.
Ақанның өмірінен бейнеролик ұсынылып, сұрақтар қою арқылы студенттердің білім пысықталды. Жаңа ақпараттар мен ерекше көңіл-күйге қаныққан студенттерг шығармашылық жұмысқа тартылып, ортада еркін піір алмасу болды. Студенттер Ахметтің шығармаларын талдай отырп, бүгін күнмен байланыстырды және өзектілігін де ерекшелеп көрсетуге тырысты. Шара соңында студенттерден алынған кері байланыс арқылы ұйымдастырылыған кураторлық сағаттың құнды болғанына көз жеткізуге болады.