М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті, педагогика факультетінің студенттерінен құралған Ақниет қайырымдылық ұйымы және педагогика факультетінің студенттері 9 желтоқсан күні “Қарттар үйіне” барып қайтты. Мақсаты: “Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз“ атты концерттік бағдарламамен тәуелсіздік мерекесімен құттықтау, қарияларымызға қуаныш сыйлау және қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражатқа: бос уақытты көңілді өткізу үшін шахмат, тоғызқұмалақ және т.б ойын түрлерін сыйға тарту. Барғаннан кейін ұйым мүшелері және педагогика факультетінің студенттері өз өнерлерін көрсетті, концерттің соңы би кешіне жалғасып, қарияларымыз қуанып қалды және өз алғыстарын айтты. Қарттар үйіне бару мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық жәрмеңкесіне ат салысқан барша жанға және Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз атты концертке қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!