Ашық дәріс сабағы өткізілді

23 қазан куні 16.20-да Педагогика факультетіндегі «Жоғары оқу үдерісінде жаңа педагогикалық технологиялар мен оқыту стратегияларын жүзеге асыру» атты әдістемелік айлық шеңберінде «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, магистр Ж.С.Исмагулова ашық дәріс сабақ өткізді. «Педагогиканы оқыту әдістемесі» пәнінен өткізілген дәріс сабақтың тақырыбы «Дәріс-жоғары мектептегі оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы». Дәрісте  жоғары мектептегі оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі  формасы ретінде  дәлелді  түсінік берілді. Дәрістің пайда болу тарихынан бастап, қазіргі кундегі дәрістің жаңа түрлеріне дейін ақпарат қамтылды. Студенттер  дәрісті қалай дайындалу және ұйымдастыру керектігін білді. Студенттер дәріс сабағын ұйымдастыру сапасы педагогика пәнінен білім алуға, мамандыққа деген бағыттылығына, оқу мен оқытудың бұдан әрі қалай жүретініне түбегейлі әсер ететінін түсінді. Осыған байланысты студенттер жұмысы миға шабуылдан басталып, сабақта қолданатын оқыту мен оқу тәсілдерінің негізінде модель құру арқылы топтағы жұмысты, жұптық, үштік жұмысты ұйымдастыру әдістемесінен мысалдарды көре алдық. Студенттермен әсерлі кері байланыс жасалды. Аға оқытушы, магистр Жанар Сансызбаевна дәріс сабақты интерактивті әдістермен өткізді. Дәрістің мақсаты бойынша студенттерге ЖОО дәріс оқытудың дидактикалық цикліндегі басты бөлігі екенін дәлелденіп, дәріс құрылымы, оның бөліктері және қойылатын талаптар туралы біліп,  ЖОО жүйесіндегі дәріс формасының дамуынан хабардар болды. Дәріс мақсатына жетті. Студенттер үшін де, қатысқан әріптестер үшін бұл дәрістің тақырыбы мен мазмұны пайдалы болды деп есептейміз. Әріптестерімізге әдістемелік айлықта сәттілік тілейміз.