«Махаббат қызық мол жылдар»

     30 қараша күні Ә. Нұршайықовтың 100 жылдығына орай  «Махаббат қызық мол жылдар»тақырыбына МДОТ-21 студенттері арасында эссе жазылды. Эссе жазудың мақсаты Ә.Нұршайықовтың еңбектерімен таныстыру, соның ішінде «Махаббат қызық мол жылдар» романымен танысу, талдау. Шығарма екі жастың арасындағы махаббат туралы баяндайды. Автор соғыстан он екі мүшесі түгел болып келген жас солдаттың өмірі, ойларын жасырмай, көпшілікке паш етеді. Оның 33-аудиторияда өзін гүлге толған бақта отырғандай сезінуі, қыздардың тастай қылып өрілген бұрымдарына көз салуы, достарын, өз махаббатын табуы, болашағына жол ашып, өз жолын табуы да тағы баяндалады. Автордың мақсаты Ербол мен Меңтай жақсы жігіт, білімді қыз екенін көрсетіп қана қою емес, солар арқылы халқымыздың бойындағы кейінгі ұрпаққа , арғы, алыс болашаққа үлгі боларлық дәстүр, қасиеттерін насихаттау. Сол қасиеттерді Меңтай мен Ерболдың бойына өлшеп піше отырып, жұртқа жарасымды үлгі ұсыну еді.Эссе жазу кезінде студенттер Ә.Нұршайықовтың еңбектерімен танысып, топ болып романды талдап, өзара пікір алмасты. Шара соңында студенттер роман туралы өз ойларын эссе түрінде жазды. Топ кураторы Ф.Е. Есқақова студенттерге алдағы уақытта бос уақыттарында әдеби шығармаларды көбірек оқып, бір-бірімен пікір алмасып жүруге кеңес беріп, кураторлық сағатты қорытындылады.