Жұмыс берушілермен кездесу

Ақпан айының 2-жұлдызы Педагогика факультетінде жоғары білімді бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау мәселелесі, олардың одан әрі жұмысқа орналасуы, білім сапасын көтеру және түлектердің кәсіби қасиеттерін дамыту, сондай-ақ факультет пен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында жұмыс берушілерімен кездесу өткізілді.

Жұмыс берушілер кеңесінің мақсаты - ірі ғылыми-білім беру орталығының және нарықтың қазіргі заман талабына сай мәселелерін шешуге қабілетті жоғары білікті мамандарды дайындау орталығы ретінде қалыптастыру және университеттің көкейкесті мәселелерін шешуге ықпалын тигізу болып табылады.

Кездесудің алғы сөзі Педагогика факультетінің деканы Ергалиева Гулжан Алгазиевнаға беріліп, кездесуге келген жұмыс беруші тұлғалармен таныстырылды.

Әрі қарай Педагогика факультеті кафедраларының төмендегі эдвайзерлері жұмыс берушілердің сұранысы бойынша білім беру бағдарламаларына ОЖЖ (оқу жұмыс жоспарына) және ЭПК (элективті пәндер каталогына) практикалық - бағытталған пәндер енгізілгендігін, білім берудің заманауи проблемаларына байланысты пәндер көлемі кеңейтілгендігімен таныстырды:

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» ББ/мамандығының эдвайзері - В.Т.Арыстангалиева; «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» ББ/мамандығының эдвайзері - Л.А. Федорченко;

«Педагогика және психология» ББ/мамандығының эдвайзері - С.Б. Калаханова; «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» ББ/мамандығының эдвайзері - А.Ж. Кенжегалиева

«Бастапқы әскери және дене шынықтыру дайындық»  ББ/мамандығының эдвайзері -  А.М.Хайрашев; «Дене шынықтыру және спорт» ББ/мамандығының эдвайзері - Б.А. Балыков;

Кездесуге БҚО әкімдігі білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының директоры Кубашева Гулмира Камаловна, Орал қаласының №42 «Ақниет» МДҰ директоры Убишева Айжан Султановна, Орал қаласының №6 ЖОББМ директоры Қалымбет Асылбек Кеңесбайұлы, Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы  мектеп-интернатының директоры Ғұбаш Арыстанбек Нұққалиұлы, Спорттық дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернат КММ директоры Бакманов Абай Мендешұлы қатысып, өз ұсыныстарын білдірді.

Бүгінгі таңда жұмыс берушілермен жұмыс нәтижесінде жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып, ЖОО түлектерінің кәсіби және іскери біліктіліктерін қалыптастыруға, кәсіби білім жүйесін дамытуға ықпал ету, инновациялық қызметтің дамуын қолдау және оның ғылыми-техникалық нәтижелерін қызмет көрсету аясы мен өндірісте енгізу, оқу, ғылыми және әлеуметтік бағыттағы инвестициялық жобаларды және ғылыми-зерттеулерді жүргізу және оқу үдерісіне қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды алуды жүзеге асыру, университет түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, ақпараттық, қоғамдық және көрмелік қызметтерді жүзеге асыру, университеттің басқа да даму мәселелерін қарастыру жүзеге асырылуда.