Дене тәрбиесін оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының «6В01402 Дене шынықтыру және спорт» БББ 4 курс студенттерінің педагогикалық сараман ЕСЕБІ
Оқу жоспары және оқу кестесіне сәйкес, күндізгі оқу бөлімінің 6В01402 «Дене шынықтыру және спорт» БББ 4 курс (ФКСу-37, ФКС-41, ФКС-42, ФКС-43, ФКС-45) топ студенттері 23.01.2023-06.05.2023ж. уақыт аралығында №6-01-89 бұйрық негізінде келісім шарт бойынша №50, №2,1,10,30,46,48,37,9,39,5,19,20,22,45,12,16,26,33,34, Орал Гуманитарлық колледж және ОБЖС мектептеріне педагогикалық сараманнан студенттер сәтті өтті.
Машыққа шықпаса бұрын Кафедра меңгерушісі Л.Н. Ойлыбаева п.ғ.к., доцент Р.Н.Испулова., факультет деканы Г.Е.Ергалиева, мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасының оқытушысы, магистрі Ж.Т.Тапаева және жауапты әдіскер И.С.Абдрахманов қатысқан жалпы 4 курс студенттеріне конференция өткізілді. Негізгі айтылған мәселе педагогикалық сараман кезіндегі студент – машықкерлердің қызметтері; ақпараттылық, дамытушылық, ұйымдастырушылық, жан-жақтылық, ғылыми-зеріттеушілік және т.б., туралы, педагогикалық сараманның мазмұны, жоспары және мақсаты мен міндеттерін мәлімдеді. Машықкер – студенттің, әдіскерлердің, пән мұғалімінің атқаратын қызметі мен құқығына тоқталды. Сонымен қатар студенттердің сараманнан өту барысындағы тәртібін айтылды. Студент 4 жыл жинаған білімдерін шыңдап, білікті, білімді студент екендерін көрсетуін. Оқу мен оқытудағы 15 апта бойы үйренген әдістерін дене шынықтыру сабағында тиімді қолдануға кеңес берілді. Машық кезінде студенттер келесі құжаттарды тапсыру туралы айтылды.
- Студент практиканттың практика күнделігі
- Оқушыға мінездеме
- Класқа мінездеме
- Практика есебі
- Практикадан өту кезінде студентке берілген мінездеме
- «Портфолио» (қосымшада көрсетілген) құрылымына сәйкес құжаттар
- Хронометраж
- Тәрбие жұмысының есебі.
Сонымен қатар әр студент тәрбие шарасын өткізуін, студенттердің қойған сұрақтарына жауап беріп, мектепте жүргізілетін шараларды атап өтті
Әдіскер ретінде «дене тәрбиесін оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Абдрахманов И.С., мектеп гигиенасы бойынша «Биология және экология» кафедрасының аға оқытушысы, А/ш.ғ.к., Кадисова Г.Н., тәрбие жұмысының әдістемесі бойынша (ФКС-41, ФКС-43, ФКС-45) топтарына «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасының оқытушысы Хамидуллина А.М., ФКС-42 тобына Баюканский С.В., бекітілді
Студенттерді мектепке бөлу барысында жоғарыда аталған мектептерге әдіскер И.С.Абдрахманов барып мектеп әкімшілігімен, дене шынықтыру пәні мұғалімімен таныстырды және машық өту барысында қадағалады.
Сараман барысында аталған студенттер өздерін өте жоғары дәрежеде жетілген машықкерлер ретінде көрсетіп, өз міндеттерін толық атқара алды. Мектептің кезекшілік пен тәрбие жұмысына қатысты барлық мәселелерді жауапкершілікпен атқарды. Барлық студенттер өздері жеке жұмыс папкасын қорғады.
«ДТОТмӘ» кафедрасының аға оқытушы, магистрі И.С.Абдрахманов
«ДТОТмӘ» кафедрасының меңгерушісі Л.Н.Ойлыбаева