Қазақстан Республикасындағы білім беру саласындағы қабылданған стратегиялық бағдарламаларда жоғары кәсіби деңгейдегі, еңбек нарығындағы бәсекелес, қазіргі инновациялық технологияларды меңгерген, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге дайын, әлеуметтік және кәсіби ұтқырлығы бар мамандарды даярлау мақсаты қойылған.
5 наурыз куні 11.10-да Педагогика факультетінде «Педагогика және психология», «Психология» мен «Әлеуметтік педагогика және педагог-ассистент» білім беру бағдарламасында «Академиялық ұтқырлық – менің таңдауым» кездесу кеші өтті. Кездесуге «Халықаралық қатынастар және көптілділік» бөлімінің жетекшісі В.С.Зубков, 2023-2024 оқу жылында академиялық ұтқыр студенттер Пип-31 тобынан Матжанова Гүлбақыт, Мұратова Айзере, Жолдыбай Айнұр және «Педагогика және психология», «Психология» мен «Әлеуметтік педагогика және педагог-ассистент» БББ-ның 1, 2 және 3 курс студенттері қатысты.
Кездесудің мақсаты– ол білім берудің сапасын халықаралық ақпараттық қоғамға бейімделген жаңа мамандарды тәрбиелеу арқылы арттыру. Қазіргі таңда академиялық ұтқырлық серіктес жоғары оқу орындар арасында студенттер, магистранттар алмасудың тиімді формасы ретінде таныстыру.
«Халықаралық қатынастар және көптілділік» бөлімінің жетекшісі М.Өтемісов атындағы БҚУ-де академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету үшін серіктес жоғары оқу орындарымен екіжақты келісімдер де, жоғары оқу орындарының консорциумдарына, халықаралық қорлардың айырбастау бағдарламаларына (Erasmus Mundus, DAAD, Tempus, IASTE және т. б.) қатысу пайдаланылатындығымен таныстырды. Наурыз айының аяғына дейін шет елдік оқу орындарына академиялық ұтқырлық конкурстарына үміткерлер қабылданып жатқандығымен хабардар етті.
Пип-31 тобының академиялық ұтқыр студенттері Пип-31 тобынан Матжанова Гүлбақыт, Мұратова Айзере, Жолдыбай Айнұр 2022-2023 оқу жылында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өткізген бесінші семестрі туралы таныстырып өтті. Өздерінің академиялық ұтқырлығы қалай ұйымдастырылғанын, қандай оқу ерекшелігі болғандығына шолу жасады. Тұлғалық өсу барысында академиялық ұтқырлықтың орны туралы өз ой-тұжырымдарымен бөлісіп, мотивациялық фото және видео роликтермен дәлелдер келтірді.
«Педагогика және психология» білім бағдарламасының академиялық ұтқырлық бойынша кординаторы, аға оқытушы, магистр Исмагулова Ж.С. студенттердің сұрақтарына жауап беріп, кері байланыс орнатты. Академиялық ұтқырлықтың негізгі мақсаты – таңдалған кәсіби бағыт бойынша жан-жақты білім алу, әлемдегі танылған білім орталықтарына қол жеткізуді қамтамасыз ету, Еуропа және Азия елдері мәдениетімен кеңірек танысу деп студенттерді ұтқыр болуға шақырды. Академиялық ұтқырлықтан өтудің басты мақсаттарының бірі – ол престижді білім алу негізінде болашақта жалақысы жоғары жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болу.
Кездесу кешінде студенттерге академиялық ұтқырлық – білім алушылардың (студент, магистрант) немесе оқытушы-зерттеушінің нақты бір академиялық мерзімге (оқу және өндірістік сараманнан өтуімен бірге, 1 семестрден кем емес) басқа ЖОО-ға (шетелдік, қазақстандық) барып білім алу немесе зерттеу жүргізуі жөнінде ақпарат қамтылды. Әсіресе университетіміз беріп отырған шет елдердің жоғары оқу орындарына академиялық ұтқырлықтың мүмкіндіктері студенттерді қатты қызықтырды.
Студенттер академиялық ұтқырлыққа қалай дайындалу мен академиялық ұтқыр болу керектігін білді.
«Педагогика және психология» білім бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлық координаторы, аға оқытушы, магистр Исмагулова Ж.С.