«Әдістемелік идеялар жәрмеңкесі» байқауы

2024 жылғы 13 наурызда әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялары бөлімінің ұйымдастыруымен педагогикалық бағытта білім алатын 3 курс студенттерінің арасында «Әдістемелік идеялар жәрмеңкесі» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты - студенттердің әдістемелік шеберліктерін шыңдай отыра, өзара тәжірибе алмасу және бірлесе отырып шығармашылық жұмыс істеуге бағыттау, алған теориялық білімдерін нығайту, тәжірибеде пайдалана білу, іскерлікке, жан-жақтылыққа, танымдық қызығушылықтарын арттыру, тапқырлыққа, белсенділікке баулу.

Байқау ІІ кезеңнен тұрды. «Визит картасы» кезеңінде байқауға қатысушы топтар өздерінің факультеттерін таныстырып, ерекшеліктеріне тоқталып, өз шеберліктерін көрсетсе, ал «Креативті әдістемелік идеялар жәрмеңкесі» кезеңінде білім алушылар қазіргі жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пән ерекшеліктеріне қарай сабақта қолданудағы әдістемелік шеберліктері сыналды.

Байқауға педагогикалық факультетінен жетекшілік еткен әдіскер мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы БББ оқытушысы Мақсотова Т.Т. Команда мүшелері: Түзелбай Ә.Ө (ФКС-31), Айдынғалиева Г.С. (ПиМНО – 31), Матжанова Г.Ж. (ПиП – 31), Айтмухамбетова А.С. (ДОВ-31).

Байқау қорытындысы бойынша 3-орынды педагогикалық факультетінің «Smart педагог» тобы жеңімпаз атанды.