Тәрбие жұмысы бойынша есеп Муканова АД 2018-2019

Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының 2018-2019 оқу жылында атқарылған тәрбие жұмысының

ЕСЕБІ

Педагогика факультеті мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен жүзеге асыру жөніндегі есебі

«Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасында 2018-2019 оқу жылына арналған тәрбие жұмысы ағымдағы және бекітілген жоспарға сәйкес атқарылды. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы және топ кураторлары, студенттер жыл бойы атқарылған тәрбие жұмыстарына белсенді қатысты.

Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мақсаты – студенттердің болашақ мамандығына қажетті адамгершілік, рухани құндылық сапалар мен қасиеттерін қалыптастыру және дамыту, ақыл-ой, интеллектуалды даму деңгейлерін арттыру, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптасуына ықпал ету.

Оқу жылының басында кафедраның әр топқа кураторлар бекітілді (кесте 1)

Кесте 1

Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының кураторлар тізімі

Топ

Студенттер саны

Кураторлар

1

МДОТ-11

19

Ескакова Ф.Н.

2

МДОТ/у – 13

10

Ескакова Ф.Н.

3

МДОТ-12

5

Тажгулова Д.Х.

4

БОПмӘ-11

16

Даулетова А.Т.

5

БОПмӘ /у-13

7

Даулетова А.Т.

6

БОПмӘ -12

9

Тажгулова Д.З.

7

БОПмӘ -21

9

Нурманова А.К.

8

БОПмӘ -22

10

Нурманова А.К.

9

МДОТ -21

11

Ерниязова С.Н.

10

МДОТ /у-23

3

Ерниязова С.Н.

11

МДОТ -31

11

Ергалиева Г.А.

12

МДОТ -32

4

Ергалиева Г.А.

13

БОПмӘ -31

17

Хасанова И.У.

14

БОПмӘ -32

5

Абугалиева Г.С.

15

БОПмӘ -42

5

Абугалиева Г.С.

16

МДОТ -43

7

Арыстангалиева В.Т.

17

МДОТ/п-41

16

Арыстангалиева В.Т.

18

БОПмӘ -41

17

Ерболат Б.Е.

19

БОПмӘ /п-43

13

Ерболат Б.Е.

 

Қыркүйек айының 22-27 аралығында «ҚР халықтары тілдері» апталығы

аясында кураторлық тобының ұйымдастыруымен «БОПӘ-11, у/13» және «МДОТ-11, у/13» топтарына «Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім» тақырыбында

1.Эссе жазу

2. Мәнерлеп оқу

3.Дебат сайысы

4.Әдеби-сазды кеш өткізілді. Бұл апталық жөнінде «Өркен» газетінің 9-санында (31 қазан, 2018) ПжП мамандығы 3-курс студенті З.Думанқызының «Тіл жанашыры –ел мақтанышы» мақаласы жарық көрді (Жауапты куратор: Хасанова И.У.).

Тіл күніне орай БОПмӘ-42, БОПмӘ-32 тобымен «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты кураторлық сағат өткізілді, Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» кураторлық сағат өткізілді (топ кураторы Абугалиева Г.С.).

МДОТ-11, МДОТ\у-13 топтарына топ студенттермен «ҚР халықтары тілдері» апталығы аясында «Тілге құрмет-елге құрмет» атты тәрбие сағаты өткізілді (Топ кураторы Ф.Е.Есқақова).

13.09.2018 ж. МДОТ-21 топ студенттерімен қала күніне орай "Тұғыры биік Оралым" тақырыбында кураторлық сағат Орал қаласына саяхат жасау формасында ұйымдастырылды (Топ кураторы: Ерниязова С.Н.).

28.09.2018 ж. БОПмӘ – 12, МДОТ – 12 топ студенттерімен облыстық өлкетану мұражайына барды (жауапты куратор: Тажгулова Д.З.).

04.10.2018 ж. Пимно-11 тобы отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру мақсаты «Тәрбие бастауы –отбасында!» Тәрбие сағаты ұйымдастырылды (А.Т. Даулетова).

4.10.2018 ж МДОТ-41, МДОТ/п-43 топ студенттерімен Ұстаз мерекесіне орай «Ұстаз, сізге мың алғыс!» атты ашық кураторлық сағат өткізілді (жауапты топ кураторы: В.Т.Арыстангалиева)

МДОТ-11, МДОТ\у-13 топ студенттерімен «Ұстаздар күніне» арналған «Ұстаз болу- жүректің батырлығы» атты кураторлық сағат өткізілді (Топ кураторы Ф.Е.Есқақова).

МДОТ-11, МДОТ\у-13 топ студенттерімен «Халықаралық қарттар» күніне орай «Біз қарттарды құрметтейміз» атты кураторлық ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды (Топ кураторы: Ф.Е.Есқақова).

11.10.2018 ж. Педагогика факультеті оқу корпусындағы кітапханада кітапханашы Г.Ш.Айташевамен ҚР халқына Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауыбойынша ашық кураторлық сағат өткізілді (Жауапты куратор: Хасанова И.У.)

11.10.2018 ж. «БОПмӘ-32», «БОПмӘ-22», «МДОТ-22» топ студенттерімен Президент жолдауына байланысты «Шесть шляп мышления» атты ашық кураторлық сағат өткізілді (топ кураторы А.Г.Сержановна).

19.10.2018 ж. МДОТ-21 топ студенттерімен - «Рухани жаңғыру» тақырыбына орай мұражайына барылды (Топ кураторы: Ерниязова С.Н.).

30.10.2018 ж. БОПмӘ – 12, МДОТ -12 топ студенттерімен Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты» атты кураторлық сағат өткізілді (Жауапты куратор: Тажгулова Д.З.).

14.11.2018 ж. БОПмӘ – 12, МДОТ -12 топ студенттерімен «Ұлттық валюта – төл теңге» атты кураторлық сағат өткізілді (Жауапты куратор: Тажгулова Д.З.).

15.11.18 ж. Қазақ теңгесіне 25 жыл. «Қазақ ақшасының тарихы» ашық танымдық-тәрбиелік сағат өткізілді (Жауапты куратор: Хасанова И.У.).

МДОТ-11, МДОТ\у-13 топ студенттерімен «Ұлттық валюта күніне» орай «Қазақстан теңгесі» атты тәрбие сағаты оздырылды (Топ кураторы: Ф.Е.Есқақова).

БОПӘ 2-курс магистранттарының ұйымдастыруымен факультетішілік (БОПӘ-11, МДОТ-11, ДШ-11 топтарына арасында) «Студенттік шақ – қызықты сәт» тақырыбында мәдени шара ұйымдастырылды (Жауапты куратор: Хасанова И.У.).

15.11.18 ж БОПмӘ 41 тобымен Ұлттық валюта күніне орай "Тәуелсіздік нышаны - ұлттық валюта" деп аталатын интелектуалдық ойын ұйымдастырылып өткізілді (топ кураторы Б.Д.Гайпназарова).

15.11.18 күні БОПмӘ – 31 тобымен және БОПмӘ мамандығының 2 курс магистранттары ұйымдастыруымен Қ.Р Ұлттық валютасының 25 жылдық мерейтойына орай, «Ұлттық валюта –төл теңге» тәрбиелік – танымдық сайысы өткізілді.

17.11.18 ж. БОПмӘ 41 тобымен халықаралық студенттер күніне орай ұйымдастырылған "Қош келдің, студент!" деп аталатын 1-курс студенттеріне арналған мерекелік концерт өткізілді (топ кураторы Б.Д.Гайпназарова).

22.11.18 ж. БОПмӘ 21 (қ\б) және БОПмӘ 22 (о\б) топ студенттерімен «Құқық бұзушылық және ол үшін жауапкершілік» атты дөңгелек үстел өткізілді (жауапты топ кураторы: А.К.Нурманова)

23.11.18 ж. күні БОПӘ мамандықтарының 2 курс магистранттары 1 курс студенттері аралығында «Студенттік сәт, қызықты шақ»тақырыбында музыкалық - шығармашылық кеш ұйымдастырды. Кешке БОПӘ – 11 , ДОВ -11, ФКС-13 топтары қатыстырылды.

25.11.2018 ж. БОПмӘ – 12, МДОТ -12 топ студенттерімен жас өспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында кураторлық сағат өткізілді (Жауапты куратор: Тажгулова Д.З.).

27.11.18 ж. БОПӘ -22 тобымен «Ұлттық теңге – ұлт мақтанышы» атты Ұлттық валюта - теңгенің 25 жылдығына арналған танымдық шара өткізілді. (Куратор: А.К.Нурманова)

Президент күніне және Тәуелсіздік күніне арнап «Ел және Елбасы», «Тәуелсіздік – тұғырым» атты кураторлық сағат өткізілді (Жауапты куратор: Хасанова И.У.).

28.11.2018 ж. «БОПмӘ-32» топ студенттерімен Президент күніне «Ер тұлғасы Елбасы» атты кураторлық сағат өткізілді. Запрометова Л. студенті Бірінші Президент Н.А.Назарбаев туралы ақпарат берді(Жауапты куратор: Абугалиева Г.С.).

БОПмӘ – 41 топ студенттерімен Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тұғыры биік-Тәуелсіздік» атты мерекелік шара өткізілді (Топ кураторы Гайпназарова Б.Ж.).

16.12.18 ж. БОПӘ-41 топ студенттері мен топ жетекшісімен Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына орай ұйымдастырылған "Тұғыры биік - Тәуелсіздік" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Сонымен қатар, топ төрайымы 5-қазан Президентіміздің кезекті жолдауын талқылау мақсатында баяндама оқыды (топ кураторы: Б.Д.Гайпназарова).

МДОТ-11, МДОТ\у-13 топ студенттерімен «Тұңғыш президент күніне» байланысты «Елбасы- ел тірегі» және «Тәуелсіздік күніне» орай «Қазақстан тәуелсіздік жолында» атты ашық тәрбие сағаттары ұйымдастырылды (Топ кураторы: Ф.Е.Есқақова).

09.12.2018 ж. БОПӘ -11 тобы оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру мақсатында «Тәуелсіздік- мәңгілік елдің тұғыры» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды (Даулетова А.Т.).

МДОТ-21 тобымен ҚР бірінші Президент күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» кураторлық сағат ұйымдастырылды (Ерниязова С.Н.).

II жарты жылдық бойынша жасалған тәрбиелік жұмыстар

28.02.2019 ж. МДОТ-21 тобымен «Алғыс айту парызым» атты концерт ұйымдастырылып, студеттер өз өнерлерін көрсетті. Рухани дамыған тұлға қалыптастыру, студенттердің дүниетанымын дамыту бағытында қазақ драма театрына, қаладағы мұражайларға барды, бүкілқалалық сенбілік күні" аясында студенттердің сенбілікке қатысуы қадағаланды (Ерниязова С.Н.).

01.03.2019 ж. МДОТ-11, МДОТ\у-13 тобы «Алғыс айту» мерекесіне орай факультеттің оқытушылары мен қызметкерлеріне арнап қайырымдылық алмасын таратылды (Ф.Есқақова).

8.03.2019 ж. МДОТ-11, МДОТ\у-13 тобы Халықаралық әйелдер күніне орай «Қыз сұлу әдебімен» атты қыздар арасында сайыс өтті. Наурыз мерекесіне орай «Қош келдің -Наурыз» атты тәрбие сағатын ұйымдастырылды, Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Береке бастауы –бірлік, ел іші тату тірлік атты» кураторлық сағат ұйымдастрылды (Ф.Есқақова).

МДОТ-31 тобымен Халықаралық әйелдер күніне орай арналған «Анаға тағзым» атты кураторлық сағат ұйымдастырылды (Г.А.Ергалиева).

МДОТ-31 тобымен 22 наурыз Жаңа жыл мерекесіне орай арналған «Наурыз жыл басы» атты кураторлық сағат ұйымдастырылды (Г.А.Ергалиева).

11.04.2019 ж. күні МДОТ-21 тобымен «Дені саудың жаны сау» атты кураторлық сағат ұйымдастырылып, нашақорлыққа, алкоголизмге, темекі шегуге және әр түрлі ауруларға қарсы лекциялар тыңдалды (Ерниязова С.Н.).

МДОТ-31 тобымен Ғылым күніне орай студенттерге ғылыми танымын арттыру мақсатында «Ғылымға бастар жол» атты кураторлық сағат ұйымдастырылды (Г.А.Ергалиева).

МДОТ-31 тобымен Өскемен қаласында 17-18.04. күні аралығында өтетін «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының Х Республикалық пәндік олимпиадасына дайындалды (Г.А.Ергалиева).

МДОТ-21 студенттеріне «Жасыл ел» және студенттік құрылыс жасақтарының жұмыстарымен таныстырып, жазғы демалыс кезінде жұмыс жасауына ықпал ету жұмыстары жүргізілді (Ерниязова С.Н.).

20.04.2019ж. МДОТ-21 тобымен 1 курс студенті М.Ж.Жұмабектің ұйымдастыруымен «Халықтың күші бірлікте» атты Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай кеш өткізілді (Ерниязова С.Н.).

БОПӘ-31 тобымен Наурыз мейрамында ұлттық тағамдарды дайындау білеміз бе? (бауырсақ, көже) танымдық-мәдени шара өткізілді (І.Ө.Хасанова).

БОПӘ-31 тобымен Ақтөбеден академиялық ұтқырлықпен келген студентті Орал қаласымен таныстыру бағытында А.С.Пушкин музейі, Ұлттық өлкетану музейі, М.Маметова, Е. Пугачев музейі, С.Ғұмаров сурет көрмесіне саяхаттау (І.Ө.Хасанова).

02.05.2019 ж. БОПӘ-11 тобы ұлттық патриоттық сезімін қалыптастыра отырып, елін, жерін қорғауға, бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеу мақсатында «Ұрпаққа ұран болған-ұлы жеңіс!» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды (Даулетова А.Т.).

14.05.2019 ж. БОПӘ-31 тобы студенттерімен «Жемқорлықсыз жол – сенімді жол!» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Топ кураторы І.Ө.Хасанова жемқорлықтың құқықтық тәртіпті және моральдық-этикалық нормаларды бұзатын келеңсіз әлеуметтік құбылыс екендігіне тоқтала келе, студенттерді университетте жасалған мүмкіндіктерді қолдана отырып, жемқорлыққа белсенді түрде қарсы тұруға атсалысуға шақырды (І.Ө.Хасанова).

МДОТ-31 тобымен «Жемқорлыққа жол жоқ» атты кураторлық сағат ұйымдастырылды (Г.А.Ергалиева).

МДОТ-31 тобымен студенттерге сессия кезінде психологиялық ахуалды ұстау жөніндегі «Белестерді бағындыра біл» атты тәрбиелік шара ұйымдастырылды (Г.А.Ергалиева).

МДОТ-31 тобымен Сайлау алдында студенттерге жауапкершілікті сезімін арттыру мақсатында «Мен өз елімнің патриотымын» атты кураторлық сағат ұйымдастырылды (Г.А.Ергалиева).

Кафедра меңгерушісі: Д.Г. Хабиева


Печать