Факультет сайтына қош келдіңіз!
Педагогикалық факультет миссиясы - заманауи ғылым және инновациялық педагогикалық технологиялар жетістіктерінің негізінде білімдік-мәдени ортаны құру және жетілдіру.
Факультеттің стратегиялық мақсаты – сапалы білім берудіқамтамасыз ету үшін жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асыру, жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің қазіргі талаптарына жауап беретін факультет қызметін жетілдіру.
Негізгі қызмет бағыттары:
- Факультет мамандықтары бойынша құзыретті-бағдарланған бакалаврлар мен магистрлар даярлау;
- Оқытуда инновациялық ғылыми-педагогикалық әдістерді қолдану;
- Студенттер мен магистрларды ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетке белсенді тарту;
- Кәсіби бағдар қызметі аясында кафедра филиалдарының жұмысын ұйымдастыру және жетілдіру;
- Экология және сапа менеджмент жүйесі саласында бірегей саясатты жүзеге асыру.