• 8 (7112) 50-32-54
  • zapkazu@wku.edu.kz
  • Қазақша
  • | Русский |
  • English

Педагогикалық факультет

  • Факультет
    • Факультет туралы
    • Академиялық ұтқырлық
    • Академиялық күнтізбе
    • Студенттік өмір
    • Ғылыми қызмет
    • Тәрбие жұмысы
    • Білім беру бағдарламасы
      • Педагогика және психология білім беру бағдарламалары
      • Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы білім беру бағдарламасы
      • Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламалары
    • Халықаралық ынтымақтастық
      • Халықаралық ынтымақтастық
  • БББ
    • "Дене тәрбиесі" кафедрасы
  • Жаңалықтар
  • Бейнедәрістер

Педагогикалық факультет

Педагогикалық факультет миссиясы- заманауи ғылым және инновациялық педагогикалық технологиялар жетістіктерінің негізінде білімдік-мәдени ортаны құру және жетілдіру.

Факультеттің стратегиялық мақсаты – сапалы білім берудіқамтамасыз ету үшін жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асыру, жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің қазіргі талаптарына жауап беретін факультет қызметін жетілдіру.

Негізгі қызмет бағыттары:

  • Факультет мамандықтары бойынша құзыретті-бағдарланған бакалаврлар мен магистрлар даярлау;
  • Оқытуда инновациялық ғылыми-педагогикалық әдістерді қолдану;
  • Студенттер мен магистрларды ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетке белсенді тарту;
  • Кәсіби бағдар қызметі аясында кафедра филиалдарының жұмысын ұйымдастыру және жетілдіру;
  • Экология және сапа менеджмент жүйесі саласында бірегей саясатты жүзеге асыру.

Факультет міндеттері:

Академиялық ұтқырлық: Қ.Жұбанов университетіндегі білім мен тәжірибе

Жұмысқа орналасу

2023- 2024 оқу жылында Педагогика және психология БББ бойынша түлектердің жұмысқа орналасуы жөнінде есебі

2023-2024 оқу жылында Педагогика және психология БББ бойынша күндізгі оқу бөлімі бойынша 29 студент аяқтады. Оның ішінде 6В01101- педагогика және психология БББ бойынша 24 студент (16 студент қ/б, 8 студент о/б), 6В01801- Әлеуметтік педагогика БББ бойынша 5 студент (4 студент қ/б, 1 студент о/б).

Педагогика және психология БББ бойынша 2023-2024 оқу жылында университет бітірген түлектердің өз білім беру бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепте, емханаларда психолог, әлеуметтік педагог, педагог-ассистент болып жұмысқа орналасты.

Көптеген студенттер өз білімдерін магистратурада жалғастыруда, олардың ішінде, Демиханова Ақбаян Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инженеринг университеті 7М01109 «Педагогика және психология» БББ 1 курс магистранты, Көбейова Гүларай Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 1 курс магистранты, Төрәлиева Айнұр Шымкент қаласындағы Мирас университетінің ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 1 курс магистранты болып табылады.

Жыл бойына топ жетекшілері студенттерге облыс және қала мектептерімен білім беру ұйымдарындағы жұмыс орындары жөнінде ақпарат беріп отырады. Сәуір айында факультет аралық және университетішілік «Бос орындар жәрмеңкесі» шарасы ұйымдастырылып, түлектердің жұмысқа орналасуына жағдай жасалды.

«6В01101 Педагогика және психология» БББ топтар бойынша 2024 ж. түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіштері

Тобы

Оқу тілі

Топ саны

Жұмысқа орналасқаны, түлек

Жұмысқа орналаспағаны, түлек

Магистратурада оқитын түлек

Бала күтіміне байланысты, түлек

ПИП-41

қазақ

16

6

5

2

3

ПИП-42

орыс

8

3

5

-

-

 

Барлығы

24

9

10

2

3

  

«6В01801 Әлеуметтік педагогика» БББ топтар бойынша 2024 ж. түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіштері

Топ

Оқу тілі

Топ саны

Жұмысқа орналасқаны, студент

Жұмысқа орналаспағаны, студент

Магистратурада оқитын студент

Бала күтіміне байланысты, студент

СПС-41

қазақ

4

2

1

1

-

СПС-42

орыс

1

1

-

-

-

 

Барлығы.

5

3

2

1

-

 

2023-2024 оқу жылын 6В01101 «Педагогика және психология» БББ бойынша 24 түлек бітірді. Жұмысқа орналасқан пайыздық көрсеткіші 60 %  6В01801 «Әлеуметтік педагогика» БББ бойынша 5 түлек бітірді, пайыздық көрсеткіші 80 %.

Білім беру бағдарламасын әр жыл сайын бітіретін түлектер жалпы білім беретін мектептерде және жалпы білім саласында нәтижелі жұмыс жасауда. Сондай-ақ түлектер білім беру бағдарламасымен ынтымақтастық мақсатында кәсіби бағдар беру жұмыстарына өз үлестерін қосып отырады.

 

2022- 2023 оқу жылында Педагогика және психология БББ бойынша түлектердің жұмысқа орналасуы жөнінде есебі

2022-2023 оқу жылында Педагогика және психология БББ бойынша күндізгі оқу бөлімі бойынша 61 студент аяқтады. Оның ішінде 6В01101- педагогика және психология БББ бойынша 47 студент (2 студент о/б, 45 студент к/б), 6В01801- Әлеуметтік педагогика БББ бойынша 16 студент (5 студент о/б, 11 студент қ/б).

Педагогика және психология БББ бойынша 2022-2023 оқу жылында университет бітірген түлектердің өз білім беру бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепте, емханаларда психолог, әлеуметтік педагог болып жұмысқа орналасты.

Көптеген студенттер өз білімдерін магистратурада жалғастыруда, олардың ішінде Қуаныш Гульайым, Джумалиева Асем, Олжағали Арай, Салихат Гүлназар, Андрианова Анастасия, Қажығалиева Жәмиля М.Өтемісов атындағы БҚУ 7М01109 «Педагогика және психология» мамандығының 1 курс магистранты, Үсенғалиева Алтынай  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті «Педагогика және психология»  мамандығының 1 курс, Сегізбай Жұлдызай, Зейнуллаева Данагүл Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті 7М01104 «Педагогика және психология»  мамандығының 1 курс магистранты, Толыбаева Ботакөз Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 7М01102 «Психология және білім берудегі менеджмент» білім бағдарламасы бойынша 1 курс магистранты, Бақытжан Диляра, Сарсенбаева Гүлшат, Серикова Лаура, Данатарова Жаңылсын Ресей Федерациясының 1 курс магистранты,  Жұмахан Нұрғайша Тажікстан елінің 1 курс  магистранты болып табылады.

Жыл бойына топ жетекшілері студенттерге облыс және қала мектептерімен білім беру ұйымдарындағы жұмыс орындары жөнінде ақпарат беріп отырады. Сәуір айында факультет аралық және университетішілік «Бос орындар жәрмеңкесі» шарасы ұйымдастырылып, түлектердің жұмысқа орналасуына жағдай жасалды.

«6В01101 Педагогика және психология» БББ топтар бойынша 2023 ж. түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіштері

 

Оқу

тілі

Топ саны

Жұмысқа орналасқаны, түлек

Жұмысқа орналаспағаны, түлек

Магистратурада оқитын түлек

Бала күтіміне байланысты, түлек

ПИП-41

қазақ

22

8

2

8

4

ПИП-43

қазақ

23

14

1

6

1

ПИП-42

орыс

2

1

1

-

-

 

Барлығы.

47

23

4

14

5

«6В01801 Әлеуметтік педагогика» БББ топтар бойынша 2023 ж. түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіштері

Топ

Оқу тілі

Топ саны

Жұмысқа орналасқаны, студент

Жұмысқа орналаспағаны, студент

Магистратурада оқитын студент

Бала күтіміне байланысты, студент

СПС-41

қазақ

11

7

1

1

2

СПС-42

орыс

5

3

 

-

1

1

 

Барлығы.

16

10

1

2

3

2022-2023 оқу жылын 6В01101 «Педагогика және психология » БББ бойынша 47 түлек бітірді. Жұмысқа орналасқан пайыздық көрсеткіші 91,5 %  6В01801 «Әлеуметтік педагогика» БББ бойынша 16 түлек бітірді, пайыздық көрсеткіші 93,8 %.

Білім беру бағдарламасын әр жыл сайын бітіретін түлектер жалпы білім беретін мектептерде және жалпы білім саласында нәтижелі жұмыс жасауда. Сондай-ақ түлектер білім беру бағдарламасымен ынтымақтастық мақсатында кәсіби бағдар беру жұмыстарына өз үлестерін қосып отырады.

Педагогика және психология білім беру бағдарламалары

Педагогика және психология білім беру бағдарламаларының жетекшісі Эльмира  Кайрлиевна  Абдираимова  аға оқытушы, магистр.

Мекенжайы: Студенческая 4, 7 корпус, 223 кабинет

Телефон: 50-53-46

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Педагогика және психология  білім беру бағдарламасы

Педагогика және психология  білім беру бағдарламасы Педагогика факультетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.Білім беру бағдарламасы 2003 жылы құрылған, күндізгі оқу нысаны бойынша келесі білім беру бағдарламаларын шығарады:

1.6В01 Педагогика ғылымдары

6В011 Педагогика және психология мамандарын даярлау

6B01101-Педагогика және психология

2.6В01 Педагогика ғылымдары

6В01801 Әлеуметтік педагогика

6B01802 Әлеуметтік педагогика

3.6В03 Әлеуметтік ғылымдар

6В03105 Психология

6В01103 Психология IP

4.7М01 Педагогика ғылымдары

7М011 Педагогика  және  психология

7M01109 Педагогика  және  психология

5.7М01 Педагогика ғылымдары

7M011 Педагогика және психология

7M01108 Педагогика және психология (Ресей Федерациясының әлеуметтік педагогикасы)

6.7М03 Әлеуметтік ғылымдар

7М03104 Психология

Білім беру бағдарламасы 15 оқытушы жұмыс істейді (13 штаттық және 2 практик), оның ішінде 2 Доктор PhD, 5 ғылым кандидаты, 3 аға оқытушы- магистр, 3 оқытушы-магистр.

Білім беру бағдарламасының  мақсаты, міндеттері және принциптері:

Білім беру бағдарламасының  алдында тұрған ең маңызды міндеттер:

1) мамандандырылған білім беру бағдарламаларын іске асыратын университеттер үшін өңірде бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыру;

2) жоғары оқу орындарының бағдарламаларына түсетін орта мектеп түлектерінің төмен санындағы демографиялық үрдістердің жалғасуы;

3) зерттеулер мен инновациялар нәтижелеріне қойылатын талаптардың артуы.

Білім беру бағдарламасының  мақсаты – «Педагогикалық білім»: «Педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика», «Психология» бағыты бойынша кадрлар даярлауда облыста жетекші орынға шығу,  заманауи білім беру технологияларына, желіге қосылуға, академиялық ұтқырлыққа, ғылыми әлеуетті жаңартуға, білім беру қызметтері нарығын және мүдделі тараптардың сұраныстарын бақылауға негізделген. Білім беру бағдарламасының  негізгі принциптерін анықтаймыз:

1) Ашықтық принципі. Ол әлеуметтік желілерде білім беру бағдарламасы туралы және  жобалары туралы ақпараттың болуын, қашықтағы технологиялар мен web-мүмкіндіктер негізінде жедел кері байланыс орнатуды, білім беру бағдарламасы  профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттер, жұмыс берушілер мен ізденушілер арасындағы ашық әрекеттестік жүйесін болжайды.

2) Қол жетімділік принципі. Студенттерге кең ауқымды қосымша білім беру қызметтерімен және табысты кәсіби өзін-өзі жүзеге асырудың және бәсекеге қабілеттіліктің қажетті құрамдас бөлігі ретінде жұмсақ дағдыларды дамыту мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету;

3) Өзара әрекеттесу принципі. Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарымен, инновациялық кәсіпорындармен және өңір дамуының драйверлерімен, білім беру қызметтері нарығында жұмыс істейтін жеке ұйымдармен қарым-қатынасты дамыту.

Мақсатқа жету үшін қызметтің келесі негізгі бағыттары айқындалады: оқу қызметін жетілдіру және дамыту; ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіру және дамыту; адам ресурстарын дамыту; материалдық-техникалық базаны жақсарту; басқару жүйесін жетілдіру.

Біз сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар студенттерімізге академиялық мәселелер бойынша көмек көрсетуді мақтан тұтамыз, оның ішінде Инклюзия орталығы сияқты орталық бар.

Мен сізге біздің бөлімнің веб-парақшасын қарауды ұсынамын, мүмкін сіз біздің командадан өз орныңызды таба аласыз.

Педагогика және психология білім беру бағдарламасы

 

Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы білім беру бағдарламалары

2024-2025 оқу жылында кәсіби педагогикалық практиканы ұйымдастыру бойынша конференция

Кәсіби бағдар беру

Дене тәрбиесі кафедрасы

Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламалары

Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламаларының жетекшісі

Бахтиярова Саягул Жаксыбаевна, доктор PhD, старший преподаватель

Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламасының  миссиясы:

-қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті және заманауи ғылым мен инновациялық педагогикалық технологиялар жетістіктері негізінде білім беру-мәдени ортасын құру және жетілдіру болып табылады.

БББ мақсаты:

-сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін жоғары білікті мамандарды даярлауға, жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің заманауи талаптарына жауап беретін факультеттің қызметін жетілдіруге бағытталған мемлекеттік білім беру саясатын іске асыру болып табылады.

БББ міндеттері:

-білім беру траекториясын ескере отырып, құзыреттілікті қалыптастыру;

-ПОҚ ғылыми қызметінің белсенділігін арттыруды қамтамасыз ету, халықаралық байланыстарды кеңейту, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту;

-студент жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру;

- оқу процесін модернизациялау, формаларды, әдістер мен әдістемелік тәсілдерді іздеу, сонымен қатар оны оңтайландыру, бұл студенттің жеке басын толыққанды тәрбиелеуге қол жеткізуге мүмкіндік береді, ал дене шынықтыру оны айқын тұлға және кәсіби қызметке дайындықпен қалыптастыру мен дамытудың тиімді факторына айналады;

- оқу, тәрбие, дене шынықтыру-сауықтыру қызметін әдістемелік қамтамасыз ету спектрін кеңейту, оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру практикасына ақпараттық технологияларды енгізу арқылы кафедраның оқу-әдістемелік әлеуетін дамыту;

- жеке тұлғаны жетілдіру және жан-жақты дамыту, денсаулық сақтау саласындағы ең қолжетімді, қауіпсіз және нәтижелі тәжірибені қамтитын инновациялық педагогикалық технологияларды әзірлеуге кафедраның ғылыми-зерттеу қызметін бағыттау;

- тәрбие жұмысын оқуда, мансапта табыстылық факторы ретінде және алғашқы профилактиканың, денсаулықты нығайту мен қорғаудың әмбебап құралы ретінде салауатты өмір салтына деген қарым-қатынасты қалыптастыруға бағдарлау;

-әлеуметтік-мәдени нормативтік үлгілерге сәйкес спорттық және мәдени өмірдің тұлғасын мақсатты түрде қалыптастыру.

БББ  принциптері:

1.Тұлғаның жан-жақты және үйлесімді даму принципі;

2.Дене тәрбиесінің практикамен байланысы принципі;

3.Дене тәрбиесінің сауықтыру бағыты принципі.

Қызметтің негізгі бағыттары:

1.Оқыту сапасын үздіксіз жетілдіруді қамтамасыз ету;

2.Практикалық сабақтарды өткізудің ғылыми және әдістемелік деңгейлерін арттыру;

3.Пәннің ОӘК әзірлеу.

4.ОПҚ инновациялық қызметін дамыту;

5.Студенттерді ғылыми конференцияларға қатысуға тарту, ой-өрісін кеңейту, өзін-өзі тану және өзін-өзі тану тәсілдерін меңгеру;

6.Студенттермен тәрбие жұмысын жүзеге асыру студенттердің салауатты өмір салтына ұмтылысын қалыптастыру, дене шынықтыру құралдарымен олардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында жүргізіледі;

7.ПОҚ-ның академиялық ұтқырлығын дамыту.

БББ  туралы ақпарат

Мамандықты бір арнайы кафедра қамтамасыз етеді. Кафедрада қызмет жасайтын: 3 педагогика ғылымдарының докторы, 1 PhD докторы, 3 педагогика ғылымдарының кандидаты, 2 ЖАК доценті, 2 ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 7 педагогика ғылымдараның магистрі.

1.п.ғ.д,. профессор – В.Ю.Салов;

  1. п.ғ.д,. профессор – М.Н.Кошаев;
  2. п.ғ.д,. доцент – Е.С.Никитинский;

1.– Н.К. Байтлесова;

  1. п.ғ.к,. доцент – Р.Н. Испулова;
  2. п.ғ.к,. аға оқытушы – Ф.И. Собянин,
  3. п.ғ.к,. аға оқытушы – Т.И. Клименко.;
  4. ЖАК доценті Т.К. Кубашев.
  5. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы А.В.Пирский;
  6. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы В.Ф.Плотников;

6 педагогика ғылымдарының магистрі

1 жаратылыстану ғылымдарының магистрі

Дене шынықтыру және спорт саласындағы болашақ мамандарды даярлау ісінде мына оқытушылар еңбек сіңіреді: дзюдодан КРСО спорт шебері- А.Ш. Байенов, садақ атудан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы В.Ф.Плотников, велоспорттан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы А.В.Пирский, Спорттық гимнастикадын спорт шеберіне үміткер Р.Н. Испулова.

Орташа жас: 30-55 жас.

Мамандық бойынша жұмыс жасайтын барлық оқытушылардың базалық білімдері бар. Олардың ішінде  П.Ф.Лесгафт атындағы дене шынықтыру, спорт және денсаулық ұлттық мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург Ф.И.Собянин, ҚР, ТМД елдерінің жетекші жоғары оқу орындарын бітірген мамандар бар.(Р.Н. Испулова Мәскеу қаласында, ). Алғашқы әскери дайындық мамандығы бойынша пәндерді арнайы әскери білімдері бар мамандар қамтамасыз етеді. 

Профессорлық-оқытушылар құрамы арасында тұрақты құрам сақталған. Кафедра жетекшілігі республика деңгейіндегі білім беру ісіне мамандар даярлау жұмыстарын тыңғылықты жүргізуге айрықша мән береді.

 

Темперамент – тұлға негізі: Ашық сабақ шеңберіндегі психологиялық таным

Магистранттар мен студенттердің 82-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді

Ашық диалог «Білім беру үрдісін психологиялық қолдау»

«Қыз – қызғалдақ, әйел – көктем, ана – гүл» атты сырласу сағаты

«Психодиагностика және психо - консультация» кабинеті

«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша кәсіптік бағдар беру бойынша ашық есіктер күні

Қауіпсіз орта – сенімді болашақ: жастарға психологиялық және құқықтық қолдау

«Ою-өрнектердің мәдени және психологиялық маңызы»

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу – ұрпақ парызы

Жұмыс берушілермен байланыс

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-де психологияның өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-әдістемелік семинар өтті

«Үздік жыл психологі» облыстық байқауы

Кәсіби педагогикалық практика-2025

Құттықтаймыз!

«Педагогика және психология әлемінде»

Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл

«Жастық жалын - асыл арман бастауы»

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсы оздырылды

«Білікті маман - жоғарғы оқу орнының көрсеткіші»

Студенттер ортасындағы кибербуллингті алдын-алудың шаралары

Біздің чемпион!

  1. «Қарттар біздің асыл қазынамыз!»
  2. «Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына» арналған 81-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясы
  3. «Бастауыш білім беру жүйесіндегі негізгі өзгерістер: ЖОО мен мектеп тәжірибесі» атты шеберлік сыныбы
  4. «EduHack»–Білім беру хакатоны:Цифрлық білім беру платформаларының педагогикалық бейімделуі
  5. «Инклюзивті білім беруді оқытудың ерекшеліктерін талдау» тақырыбында дәстүрлі емес ойын сабағы
  6. Психологиялық тренинг: «Қарым-қатынастағы сенім және ашықтық»
  7. «Әшекей бұйым жасау» шеберлік сағаты
  8. "Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы"
  9. «Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы»
  10. “Ұлттық құндылық – ұлт келбеті”
  11. Махамбет университетіндегі тәжірибе
  12. BATYS-fest: ұлттық құндылықтар фестивалі
  13. Мектепке дейінгі білім беру кабинеті
  14. Үздіксіз практиканы ұйымдастыру конференциясы
  15. 2024-2025 оқу жылындағы мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы БББ бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасы
  16. Бастауыш сыныптардың интерактивті кабинеті
  17. 2024-2025 оқу жылында кәсіби педагогикалық практиканы ұйымдастыру бойынша конференция
  18. Кәсіби бағдар беру
  19. 7М01307«Бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі»БББ-ның 2 курс магистранттарының әдістемелік шаралары
  20. 7М01307«БОПӘ»БББ-ның 2-курс магистранттарының педагогикалық практика қорытындысы
  21. Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Жүрек сөздері» атты әдеби кеш
  22. «Тіл -асыл қазына» атты жоба аясында "Бір бауырсақ, бір мақал" айдары
  23. Б.Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты тәрбие шарасы
  24. Студенттердің ғылыми зерттеу-жұмыстары конкурсы өтті
  25. XVI Республикалық Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бойынша пәндік олимпиада
  26. “Бастауыш сынып мұғалімі – заман талабы ” бастауыш сынып мұғалімдерімен кездесу шеберлік сағаты
  27. “Болашақ табысты ұстаз ұлт кепілі” атты ХV республикалық пәндік олимпиада
  28. «Денсаулық-өмір негізі» атты дәрігер мамандармен кездесу
  29. "Шаштың сәні - шашбаулым" шеберлік сағаты
  30. Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай «Ғажайып өнер әлемі» атты сурет сайысы

1 бет. Барлығы: 4

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • Алға
  • Аяқ жағына

Мекен-жайы: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Студенческая көш., 4, корпус №7, кабинет №401

Телефон: 8 (7112) 50-32-54

Электрондық пошта: info@wksu.kz

Адрес: Западно-Казахстанcкая область, город Уральск, ул.Студенческая  4, корпус №7, кабинет №401

Телефон: 8 (7112) 50-32-54

Электронная почта:  zapkazu@wku.edu.kz

© 2025 M.Utemisov WKU
  • Басты бет
  • Факультет
    • Факультет туралы
    • Академиялық ұтқырлық
    • Академиялық күнтізбе
    • Студенттік өмір
    • Ғылыми қызмет
    • Тәрбие жұмысы
    • Білім беру бағдарламасы
      • Педагогика және психология білім беру бағдарламалары
      • Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы білім беру бағдарламасы
      • Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламалары
    • Халықаралық ынтымақтастық
      • Халықаралық ынтымақтастық
  • БББ
    • "Дене тәрбиесі" кафедрасы
  • Жаңалықтар
  • Бейнедәрістер