2023-2024 оқу жылының 1-ші жарты жылдығы бойынша есебі

6В01101 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы 3 курс Пип-31 тобы студенттері Жолдыбай Айнұр, Матжанова Гулбақыт, Муратова Айзере Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде 04.09.23-31.12.23 аралығында 6 семестрлік оқу бағдарламасына сәйкес білім алды.

6 қараша куні 11.20-да Педагогика факультетінде «Педагогика және психология» мен «Әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламасында  «Академиялық ұтқырлық – заман талабы» кездесу кеші өтті. Кездесуге «Халықаралық қатынастар және көптілділік» бөлімінің жетекшісі В.С.Зубков, 2021-2022 оқу жылында  академиялық ұтқыр студент СПС-41 тобынан Шандаев Тимурхан және «Педагогика және психология» мен «Әлеуметтік педагогика» БББ-ның 2 және 3 курс студенттері қатысты.

СПС-41 тобының академиялық ұтқыр студенті Шандаев Тимурхан 2022-2023 оқу жылында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өткізген алтыншы семестрі туралы таныстырып өтті. Өзінің академиялық ұтқырлығы барысында қандай дос тапқанын, қандай оқу ерекшелігі болғанынын және қызықты студенттік шағы туралы фото және видео роликтермен дәлелді сөз сөйледі.

«Педагогика және психология» білім бағдарламасының академиялық ұтқырлық бойынша кординаторы, аға оқытушы, магистр Исмагулова Ж.С. студенттермен кері байланыс жасады. Студенттердің сұрақтарына жауап беріп, оларды академиялық ұтқыр болуға шақырды.

Кездесу кешінде студенттерге академиялық ұтқырлықты  жоғары мектептегі оқу үрдісін қызықты, әрі мәнді ұйымдастырудың жолы екендігі жөнінде  дәлелді  ақпарат берілді.

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаттарын бекіту туралы» ҚР ғылым және жоғары білім министрінің 04.04.2023жылғы №145 бұйрығы негізінде» М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің  студенттері 2023 жылдың 27 қарашасынан 25 желтоқсанына дейін В.Н.Татищев атындағы Астрахан мемлекеттік университетінде (қысқа мерзімді) ұтқырлық шеңберінде 6В01802 Әлеуметтік педагогика және педагог-ассистент БББ-ның СП-21 тобының студенттері Мукашева Зарина, Дарибаева Мөлдір және 7М01109 Педагогика және психология МПиП-22 Аяпбергенова Асемге онлайн форматта оқытуға рұқсат етілді.