Академиялық ұтқырлық: Қ.Жұбанов университетіндегі білім мен тәжірибе

Қазіргі таңда студенттерге жаңа білім алу мен тәжірибе жинақтаудың тамаша мүмкіндіктерін ұсынатын академиялық ұтқырлық бағдарламасы мен үшін ерекше маңызға ие болды. Осы бағдарламаның аясында 2024 жылдың 1 оқу семестрінде  Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе  өңірлік университетінде білім алып, ұмытылмас тәжірибе жинадым.

Қ.Жұбанов университетінде оқу маған кәсіби тұрғыдан да, тұлғалық даму жағынан да үлкен әсер етті. Университеттің білім беру жүйесі, оқытушылардың жоғары біліктілігі, заманауи әдістемелерді қолдануы менің ой-өрісімді кеңейтіп, жаңа білім алу дағдыларымды шыңдады. Сабақтарда теориялық білімнің тәжірибемен ұштасуы менің мамандыққа деген қызығушылығымды одан әрі арттырды. 

Академиялық ұтқырлықтың тағы бір артықшылығы – жаңа ортамен танысу. Жұбанов университетінде оқып жүргенде, әртүрлі аймақтардан келген студенттермен танысып, жаңа достар таптым. Олармен пікір алмасып, тәжірибе бөлісу менің кәсіби және тұлғалық дамуыма ықпал етті. 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу – әрбір студент үшін үлкен мүмкіндік. Бұл тек білім алудың ғана емес, жаңа ортаға бейімделудің, тәжірибе жинақтаудың, өз жаңа мүмкіндіктерді ашудың таптырмас жолы. Қ.Жұбанов университетінде өткізген уақытым маған көп нәрсе үйретті және болашаққа деген сенімімді арттырды. Бұл тәжірибе менің кәсіби және тұлғалық дамуымда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз. Қ.Жұбанов университетінде алған білімім мен тәжірибем болашақ мамандығымда өз септігін тигізетініне сенімдімін. Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу мүмкіндігін бергені үшін алғысым шексіз!

СП-31 топ студенті

Қыдырсихова Аяулым Мұратханқызы