2025-2026 оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасының жүзеге асырылуы

Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы білім беру бағдарламасы бойынша білім сапасын арттыру және халықаралық стандарттарға сай кадрлар даярлау мақсатында академиялық ұтқырлық бағдарламасы тұрақты түрде іске асырылып келеді.

2025-2026 оқу жылының  1 семестрінде  шығыс академиялық ұтқырлық шеңберінде 6В01203 - Мектепке дейінгі білім беру БББ студенттері А.А.Амангельдиева, Д.Тілекқайырқызы  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде және  6В01303 - Бастауыш білім беру БББ 3 курс студенті А.Е.Саясатова Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде білім алуда.

Сонымен қатар, кіріс академиялық ұтқырлық бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінен 6В01301 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі БББ 3 курс студенті А.Жоламан М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетіне семестрлік оқуға қабылданды.

Академиялық ұтқырлық студенттерге өз білімін кеңейтіп қана қоймай, өзге оқу орындарының білім беру тәжірибесімен танысуға, инновациялық әдістерді үйренуге және болашақ кәсіби қызметіне қажетті практикалық дағдыларды шыңдауға зор мүмкіндік ұсынады.