М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті 6В03105 «Психология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Мурзабекова А.Н. және Айтқали Б.А. Астана қаласындағы Тұран-Астана университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 1 семестр бойы білім алды. Бұл бағдарлама студенттерге басқа университеттің оқу жүйесімен танысуға, жаңа пәндер оқып, тәжірибелі оқытушылардың дәрістерін тыңдауға және заманауи білім беру әдістерін игеруге мүмкіндік берді.
Студенттер оқу үрдісінде теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларды да жетілдірді. Сабақтарда талқылаулар, топтық жұмыстар, презентациялар және кейс-тапсырмалар орындалып, нақты өмірлік жағдайларға негізделген практикалық тапсырмалар арқылы білімді практикамен байланыстыру дағдылары қалыптасты.
Сонымен қатар, академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттердің әлеуметтік және коммуникативтік қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Басқа топтағы студенттермен қарым-қатынас жасау, бірлескен академиялық және мәдени іс-шараларға қатысу студенттердің жаңа ортаға бейімделуін, топпен тиімді жұмыс істеу және өз ойын ашық жеткізу дағдыларын нығайтты.
Тұран-Астана университетінде өткен оқу семестрі студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуына маңызды тәжірибе болды. Психология мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін практикалық тапсырмалар, талдау жұмыстары және пікірталастар болашақ маман ретінде жұмыс істеудің маңыздылығын түсінуге көмектесті.





