Академиялық мобильдік аясындағы студенттің халықаралық тәжірибесі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті 6В03105 «Психология» білім беру бағдарламасының П-22 топ студенті Усенко Антон Витальевич 2025–2026 оқу жылының бірінші семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Польша Республикасының Познань қаласындағы Адам Мицкевич атындағы университетте білім алды.

Оқу барысында студент кәсіби бағытына сәйкес пәндерді меңгеріп, дәрістер мен практикалық сабақтарға, ғылыми пікірталастарға белсенді қатысты. Шетелдік оқытушылардың білім беру үдерісіндегі заманауи әдістері мен студенттердің дербестігін қолдауы оқу сапасының артуына ықпал етті.

Сонымен қатар, халықаралық білім беру ортасында түрлі мемлекеттерден келген студенттермен тәжірибе алмасып, мәдениетаралық коммуникация дағдыларын жетілдірді және польша тілін меңгеру деңгейін арттырды.

Академиялық мобильдік бағдарламасы студенттің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, халықаралық тәжірибе жинақтауына және тұлғалық өсуіне маңызды мүмкіндік берді.