Факультет басшылығы
Педагогикалық факультет миссиясы- заманауи ғылым және инновациялық педагогикалық технологиялар жетістіктерінің негізінде білімдік-мәдени ортаны құру және жетілдіру.
Факультеттің стратегиялық мақсаты – сапалы білім берудіқамтамасыз ету үшін жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асыру, жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің қазіргі талаптарына жауап беретін факультет қызметін жетілдіру.
Негізгі қызмет бағыттары:
- Факультет мамандықтары бойынша құзыретті-бағдарланған бакалаврлар мен магистрлар даярлау;
- Оқытуда инновациялық ғылыми-педагогикалық әдістерді қолдану;
- Студенттер мен магистрларды ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетке белсенді тарту;
- Кәсіби бағдар қызметі аясында кафедра филиалдарының жұмысын ұйымдастыру және жетілдіру;
- Экология және сапа менеджмент жүйесі саласында бірегей саясатты жүзеге асыру.
Факультет міндеттері:
1. Білім беру траекториясын ескере отырып, құзыреттіліктерді қалыптастыру;
2. ПОҚ ғылыми қызметінің белсенділігін арттыруды қамтамасыз ету, халықаралық байланыстарды кеңейту, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту;
3. Студент жастардың белсенді азаматтық позициясын, әлеуметтік жауапкершілігін, жоғары құлықтық және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру.
Факультетте көптілділік бағдарламасы бойынша эксперименттік оқыту басталды. Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы бойынша жұмыс жалғасуда.
Факультет студенттері оқу қызметімен қатар университеттің қоғамдық өміріне белсене араласады.
Студенттік деканат түрлі оқу-тәрбие және спорттық-сауықтыру шараларын ұйымдастыру және өткізуге белсенді қатысады. Жыл сайын студенттер «Студенттік көктем», «Студенттер қатарына қосу» және басқа да жалпы университет шараларына қатысады.
Факультет бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілермен және тәжірибеден өту базаларымен бірігіп жұмыс жасайды. Факультеттің жұмыс берушілерінің құрамына: Курманалина Ш.Х., Исмуханбетова С.С., Жангалиев Е.К., Тлеужанова С.И., Панкратова В.В., Мозжухин А.М., Капсатова Б.Т., Отаров А.М. кіреді.Факультеттің серіктестігі түрлі бағыттарда даму үстінде: кездесулер, интеллектуалдық ойындар және басқа да тәрбиелік шаралар, сонымен бірге жұмыс берушілер магистрлік диссертациялар, дипломдық жұмыстардың жетекшілері, пікір берушілері, педагогикалық сараман жетекшілері, мемлекеттік аттестация комиссиясының мүшелері болып табылады.
Факультетте түлектердің қызығушылықтарын анықтайтын бірікке қызметті жүзеге асыру мақсатында түлектер Ассоциациясы құрылды. Ассоциация мақсаты жаңа форматтағы мамандар даярлау және факультет пен оның түлектері арасында өзара тиімді қатынас орнату қызметіне ықпал жасау.
Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы халықаралық, республикалық және аймақтық конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге белсене қатысады, мақалалары шетелдік ғылыми журналдарда жариялануда.
Байланыс ақпараты
Педагогикалық факультет деканаты:
Мекен-жайы: Студенческая көш., 4, корпус №7, кабинет №401
Телефон: 8 (7112) 50-32-54