17 қараша күні педагогика факультеті, мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының аға оқытушысы С.Н.Ерниязова және ПиМНО-41, ДОВ-41 топ студенттерінің ұйымдастыруымен қызығы мен шыжығы қатар жүретін студенттік өмірге енді қадам басқан 1-курс студенттеріне арналған "Студенттік өмір - игі өмірдің бастауы" атты мерекелік онлайн кездесу ұйымдастырылды.
Бұл шараны өткізудегі басты мақсат студенттерді мерекелерімен құттықтай отырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, студенттік өмірдің қызықты сәттерімен бөлісу.
Шара барысында көркем сөздер оқылды, қазақтың киелі домбырасымен күй шертіліп, әндер шырқалды. 4-курс студенттері студенттік өмірлерінің қызықты әрі маңызды сәттерін баяндады. Шара соңында факультеттің профессор-оқытушылары сөз сөйлеп, студенттерді мерекелерімен құттықтады. Студенттер де өздерінің ризашылығын білдіріп, керемет әсерлерімен бөлісті.





