2025 жылдың 13 қазан – 7 қараша аралығында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Педагогика факультетінде «Инновациялық педагогика және құндылыққа негізделген білім: болашақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамытуда цифрлық трансформация, жасанды интеллект (AI), CLIL, инклюзивті білім беру, тұрақты даму құндылықтары, soft skills және зерттеушілік дағдылардың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында әдістемелік айлық өткізілді.
Айлық аясында Педагогика және психология білім беру бағдарламасының оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен бірқатар ғылыми-тәжірибелік, танымдық және шығармашылық бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылды.
13 қазан күні Педагогика және психология білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, магистр Н.У.Құлдашева П-21 топ студенттеріне «Инклюзивті спорт психологиясы» тақырыбында проблемалық дәріс өткізді. Сабақ барысында параолимпистер туралы бейнеролик көрсетіліп, мотивациялық эссе жазу мен кейс-стади әдістері қолданылды. Дәріс соңында жасанды интеллект арқылы кері байланыс ұйымдастырылды. Осы күні магистр Г.Қ. Қуаныш ұйымдастырған «Өзіңді таны – дарыныңды аш» атты workshop-та студенттер soft skills дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі жаттығулар орындап, өз қабілеттерін танытты. Іс-шараға тәжірибелі психолог, арт-терапия және МАК маманы Н.Н.Ғабдрахимова қатысып, студенттерге метафоралық карталар арқылы психологиялық сессия өткізді.
Қазан айының 14 күні Педагогика және психология білім беру бағдарламасының оқытушысы, магистр А.А. Андрианованың Инклюзивті білім беру мәселелеріне арналған интерактивті форматтағы ашық сабақта лекция-дискуссия, рөлдік ойын, кейс-талдау және топтық жұмыс элементтері қолданылды. Сабақ студенттердің белсенділігін арттырып, олардың цифрлық және коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуға ықпал етті.
Сол күні аға оқытушы, магистр Н.Е. Мұқанованың жетекшілігімен «Жасанды интеллект болашақ педагог-психологтар көзімен» тақырыбында семинар-тренинг өтті. 3-курс студенттері «Smart Psychologist» жобасын таныстырып, жасанды интеллекттің психологиялық қызмет жүйесіндегі қолданылу мүмкіндіктерін көрсетті.
15 қазан Орталық кітапханада «Менің мамандығым – менің таңдауым» атты кәсіби бағдар беру мақсатындағы дөңгелек үстел өтті. Шараға қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары мен жоғары оқу орындарының өкілдері және Педагогика және психология білім беру бағдарламасының оқытушысы Исмагулова Ж.С. және «Педагогика және психология» мен «Әлеуметтік педагог және педагог-ассистент» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысып, мамандық таңдаудың өзекті мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, п.ғ.к., аға оқытушы А.Г. Муханбетчина магистранттармен «Педагогикалық технологиялар» тақырыбында ашық дәріс өткізіп, инновациялық оқыту әдістерінің ерекшеліктерін таныстырды.
Оқытушы Б.Н. Төлегенова ұйымдастырған «Жалпы білім беретін мектептерде ерекше қажеттіліктері бар балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбындағы мотивациялық кездесуге тәжірибелі педагог-психологтар Ж.К.Мұрат және А.О.Таскенова шақырылып, студенттерге өз тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу барысында ерекше балалармен жұмыс істеудің тиімді әдістері талқыланып, кәсіби бағыт-бағдар берілді.
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы «Оқушылар сарайында» «Заманауи педагог-психологтың креативті алаңы: инновация және ынтымақтастық» атты тәжірибелік семинар өткізілді. Семинарды оқытушылар Б.Ж.Сариева мен Ж.Г.Байгалиева ұйымдастырды. Шара барысында студенттер интерактивті ойындарға қатысып, өздерінің кәсіби және шығармашылық әлеуетін танытты.
Әдістемелік айлық барысында өткізілген іс-шаралар болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, инновациялық ойлау мен шығармашылық бастамаларын дамытуға бағытталды. Мұндай бастамалар білім сапасын арттырумен қатар, заманауи педагог тұлғасын қалыптастыруға зор үлес қосады.

