2024 жылдың 3 қазан күні Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы БББ оқытушылары А.П.Рамазанова, Г.Е.Тлепбергенова ұйымдастырумен БҚО АИТВ ОО және ОПДО қызметкерлерімен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Педагогика факультетінде семинар өткізілді. Семинар барысында спикерлер Г.Үмбетова мен Н.Сатқанов АИТВ-инфекциясының және есірткіге тәуелділіктің алдын-алу бойынша ақпарат берді. Педагогика факультетінің студенттері өздерін қызықтыратын сұрақтар бойынша ақпарат алуға мүмкіндік алды. Шараға 50 адам қатысты.