Шәкен Аймановтың өмірі мен шығармашылығы

19.02 – 21.02.2026ж күндері аралығында Мектепке дейіні  және бастауыш оқыту педагогикасы БББ аға оқытушысы Г.БМусагалиеваның ұйымдастыруымен НО – 21(IP),  НО – 23(IP),  НО – 25 (IP) топтарында Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште», «Аңыз ана – Әмина»,  Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» театралды қойылымдар сахналанды. 

Бұндай шараның мақсаты - білім алушылардың шығармашылық қиялын, сахналық ойлауын қалыптастыру; сөйлеу мәдениетін, дикциясын, дауыс ырғағын дамыту; актерлік шеберлік элементтері арқылы өзін еркін ұстауға үйрету; эмоцияны дұрыс жеткізу, образ жасау қабілетін жетілдіру; ұжыммен жұмыс істеу, серіктесті сезіну дағдыларын қалыптастыру; эстетикалық талғам мен көркемдік мәдениетті дамыту.

Шарада студенттер өздеріне берілген «Әмина ана», «Қожа», образдарды шеберлікпен, аса жауапкершілікпен, шығармашылықпен орындап шықты.