Педагогика және психология білім беру бағдарламасы

Педагогика және психология білім беру бағдарламасының жетекшісі

Абдираимова Эльмира Кайрлиевна - аға оқытушы, магистр

Мекенжайы: Студенческая 4, 7 корпус, 223 кабинет

Телефон: 50-53-46

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Педагогика және психология  білім беру бағдарламасы

            «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы Педагогика факультетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бағдарлама 2003 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді және білім беру жүйесі мен еңбек нарығының заманауи талаптарына сай педагогика және психология саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған.

Іске асырылатын білім беру бағдарламалары

Бакалавриат

  • 6В01101 – Педагогика және психология
  • 6В01103 – Психология (IP)
  • 6В01802 – Әлеуметтік педагогика және педагог-ассистент
  • 6В03105 – Психология
  • 6B01803 - Әлеуметтік педагогика (IP)

Магистратура

  • 7М01109 – Педагогика және психология
  • 7М03104 – Психология
  • 7M01113 - Педагог-кәсіби бағдарлаушы (IP)
  • 7M01112 - Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық (IP)
  • 7M01111 - Білім Берудегі Зерттеулер (IP)

Қос дипломды білім беру бағдарламасы (магистратура)

  • 7M01108 Педагогика және психология (Ресей Федерациясының Әлеуметтік педагогикасы)

Профессор-оқытушылар құрамы

Білім беру бағдарламасының негізгі штаттық профессор-оқытушылар құрамы білікті мамандардан тұрады. Олардың қатарында педагогика және психология ғылымдарының докторлары,  кандидаттары, PhD, магистрлар.

Білім беру бағдарламасының мақсаты - сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асыру, жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің қазіргі талаптарына жауап беретін оқу, ғылым және тәрбие қызметтерін жетілдіру.

Білім беру бағдарламасының міндеттері:

  1. Білім беру траекториясын ескере отырып, құзыреттіліктерді қалыптастыру;
  2. Педагог оқытушы құрамның ғылыми қызметінің белсенділігін арттыруды қамтамасыз ету, халықаралық байланыстарды кеңейту, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту;
  3. Студент жастардың белсенді азаматтық позициясын, әлеуметтік жауапкершілігін, жоғары мәдени және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру.

Білім беру бағдарламасының принциптері:

  • Білім беру қызметінің сапасын арттыру;
  • Сапалы жұмыс жасауға жауапкершілік, жұмысын адал орындау;
  • Үздіксіз білім алу мен кәсіби құзыреттілік.

Қызметтің негізгі бағыттары

  • оқу үдерісін жетілдіру және дамыту;
  • ғылыми-зерттеу қызметін дамыту;
  • кадрлық әлеуетті дамыту;
  • материалдық-техникалық базаны нығайту;
  • басқару жүйесін жетілдіру.

Білім беру бағдарламасы ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге академиялық қолдау көрсетуді қамтамасыз етіп, инклюзивті білім беру қағидаттарын ұстанады.