«Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық»

2023-2024 оқу жылының  18.10.2023-15.11.2023 ж. уақыты аралығында  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, педагогика факультетінде Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ұлы Казимир университетінен (Польша) әлеуметтік ғылымдар кандидаты,  дефектолог Агнешка Камык-Ваврищук  арнайы шақыртумен келді.  Алғашқы күні мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы БББ  профессор-оқытушылар құрамымен «Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық»  тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, бірлесіп жүргізілетін жұмыстар жоспарланды.

 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»,  «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» БББ студенттерімен  кездесу барысында студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу, заманауи ғылымдағы өзекті мәселелерді шешуге және өз мүмкіндіктерін іске асыруға бағыт беру мәселелері қарастырылды.    

3-4 курс студенттеріне жүргізген  «Дефектология және логопедия», «Инклюзивті білім беру» пәндерінен дәріс, практикалық  сабақтарында инклюзивті білім беру мәселесінің маңыздылығы,  ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуға бағытталған білім беру процесін тиімді ұйымдастыру жолдары,  Польшадағы инклюзивті білім беруді дамытудың мәселелері мен перспективалары қарастырылды.  

Көру қабілеті бұзылған студенттермен жұмыс істеуге қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету әдістерін, формаларын, құралдарын қарастыру мақсатында мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы БББ  оқытушыларына және магистранттарға «Көру қабілеті бұзылған студенттермен  жұмыс жасау принциптері»  тақырыбында шеберлік  сынып өткізді.

Scopus базасына енетін халықаралық журналдарда ғылыми жарияланымдарды жариялау бойынша кеңестер  беріліп, аға оқытушылар С.Ф.Баюканская, Л.М.Маденовамен бірлесіп БҚУ Хабаршысы журналына мақала жариялау жоспарланды.