М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Педагогика факультетінде Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай студенттер арасында ұлттық киімдер шеруі ұйымдастырылды.
Шеру барысында қатысушылар қазақ халқының дәстүрлі киімдерін таныстырып, ұлттық мәдениетіміздің бай мұрасын дәріптеді. Әрбір студент өз киімінің ерекшелігі мен мәнін айтып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Іс-шараға Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері белсенді қатысты. Топ кураторы – аға оқытушы, магистр Ж.С. Исмагулова.
Бұл шара жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттауға, мәдени мұраны сақтауға және эстетикалық талғамды қалыптастыруға бағытталды.








