29.01.2021 жылы М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасының магистрлері С.Б. Калаханова және А.А. Жумабаева ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын талдау мақсатында «Педагогика және психология» және «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламаларының 1,2,3 курс студенттеріне онлайн-семинар өткізілді.


Семинар барысында Қазақстанның тұғыры биік ел болып қалыптасуындағы маңызды кезеңдер мен оқиғалар жинақталып, жүйеге келтіріп 2-3 курс студенттері А. Абтиева «Бағдар мен белес», Г. Қуаныш «Таным мен тағылым», М. Бекболова «Қоғам мен құндылық», А. Әшімова «Ұлағат пен ұстаным» бағыттары бойынша дайындаған презентациялары мен баяндамаларында көрініс тапты. Семинар барысында мақала мазмұнында қарастырылған 4 бөлім бойынша бейнебаяндар көрсетілді. Бекіту мақсатында ой толғайтын сұрақтар қойылып, болашақ маман иелері елімізді дамытуға байланысты қандай шешімдер мен мәселерді қарастыру керек екендігін айтып, белсенді пікір алмасты.


Онлайн-семинарды қорытындылауда, студенттердің ой-пікірлерімен, алған әсерлерімен бөлісу үшін интерактивті Google презентациясы қолданылды. Семинар қатысушылары сілтеме арқылы онлайн-презентацияға өтіп, 4 бөлім бойынша 4 тақтаға ассоциация тудырған символ және фотосуреттер салды. Кейін, әр презентация қорғалып, сол арқылы мақала мазмұны тұжырымдалды. Президентіміздің мақаласы жастарға жаңа серпін мен жігер қосқаны байқалды.
Онлайн-семинар жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Еліміздің алдына қойылған міндеттерін орындау мен белестерді бағындыруға студенттеріміздің атсалыса катысатынына сенімім мол. Өткен тарихты біле отырып, болашаққа үлкен үмітпен қарайтын патриоттар бүгінде біздің қатарымызда көп екені қуантады.


Ендеше, ынтымағы жарасқан тәуелсіз қазақ жерінде әрбір азамат елдігіміз бен тәуелсіздігімізді паш етіп, бейбіт өмір сүруімізге өз үлесін қосса, бауырмалдығымыз бекіп, тұрақтылығымыз нығая түсері анық.
Салихат Гульназар, М.Өтемісов атындағы БҚУ «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс студенті.

