7 желтоқсан күні Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Кітапхана және оқу: психологиялық аспект» жобасы аясында «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушы-магистрі Б.Н.Тулегенова «Эмоционалды жану синдромының алдын-алу» тақырыбында ашық дәріс өткізіп, алғыс хатпен марапатталды. Жобаның негізгі мақсаты психологтардың халықпен, профилактикалық қызметінің өзекті бағыттары, психологиялық білім беру саласындағы ой-өрісті кеңейту жолдары, кітап терапиясы мен ертегі терапиясының бала тәрбиесіндегі рөлі туралы сөзқозғалды.