Ақпан айының 22-жұлдызында «Қазіргі жағдайда жоғары оқу орындарында педагогикалық білім беруді жаңғырту» атты әдістемелік апталық аясында педагогика және психология кафедрасының оқытушы, магистрі Б.Н.Тулегенова «Тілектер мандаласы» тақырыбында оқытушыларға арналған медитациялық сурет салу техникасы шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік сыныптың негізгі мақсаты эмоциялық жай-күйді анықтауға, өзіндік төмен бағалауды жеңуге, нақты проблеманы анықтап, түзетуге арналған. Оқытушылар мандалалармен жұмыс жасай отырып, релаксациялық,аутогендік жаттығуларды орындады. Жаттығу соңында мандалалар талданып, бояу реңктері интерпретацияланып, кері байланыс жасалды. Шеберлік сынып өз мақсатына жетті.