“Ақниет” еріктілер тобының ұйымдастыруымен кезекті жәрмеңке өтті

Ағымдағы жылдың 1 қараша күні, педагогика факультетінің  педагогика және психология білім беру  бағдарламасы студенттері «Ақниет» тобының еріктілері ұйымдастыруымен жәрмеңке  өткізілді. Жәрмеңкені өткізудегі мақсатымыз: Өскелең ұрпақ бойына қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық қасиеттерін сіңіру. Жәрмеңкеден түскен қаражат облыс деңгейінде өткізілетін қайырымдылық іс-шараларға жұмсалады. Жәрмеңкеге педагогика факультетінің студенттері қатысты. Студенттер өздері дайындап әкелген тағамдарын қолжетімді бағамен сатылымға шығарды. Жәрмеңкеде азық-түлік, тәтті бәліштер, қолөнер бұйымдары сатылды. Жәрмеңкеден түскен қаражат 82666 (сексен жеті мың алты жүз алпыс алты) теңге.