Түлектерімен дөңгелек үстел өткізілді

2023 жыл 14 қараша күні  «Құқық қорғау қызметінде жұмыс жасайтын педагогика және психология білім бағдарамасы бойынша түлектерімен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге педагогика және психология білім беру бағдарламасы бойынша білім алған заң саласында қызмет жасайтын түлектер Батыс  Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі 74 мекемесінің Сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бойынша бөлімінің бастығы,әділет капитаны Төлепов Мирболат,  Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық -атқару жүйесі 28 мекемнсінің кадр саясаты тобының инспектор-психологі әділет капитаны Темиргалиева Аида Талғатовна, Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің 27 мекесінің БС ЕЖТОБ аға инспекторы әділет капитаны Муксинова Аяулым Бибитовна, ҚР Ұлттық Ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығының "5517" әскери бөлімінің психологы, ефрейтор Узакбаева Азиза Алибековна магистранттар  1,3,4 курс студенттері қатысты. Дөңгелек үстел барысында студенттер заң саласына педагог және психолог болып жұмысқа орналасуға байланысты сұрақтар, түлектердің жұмыс кезінде болған қызықты оқиғалар, іс-тәжірибесі туралы сұрақтар қойылды.Дөңгелек үстел барысында мамандық таңдауда қателеспеу керек екені,психологияның қай саласына барсаңызда білім,білік,табандылықтың маңызды екені айтылды