2023 жылдың 27 қараша күні педагогика және психология білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары іріктеу кезеңі өткізілді. Секциялық отырыс барысында, «педагогика және психология» секциясы бойынша 10 студент, «әлеуметтік ғылымдар» секциясы бойынша 4 студент қатысты. Студенттердің ғылыми жұмыстарында қазіргі кезде маңызды, тақырыптар ұсынылды, «Жоғары мектепте оқытудың ақпараттық технологиялары», «Қазіргі кезде кибербулегтің алдын –алу мәселелері», «Жасөспірімдерге кибербуллингтің психологиялық әсері және оның алдын - алу», «Номофобия ұялы телефонсыз қалудан қорқу», «Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тағы сол сияқты тақырыптар бойынша ғылыми жұмыстар қорғалды. Секциялар бойынша үздіктер анықталып, республикалық деңгейде өткізілетін студенттердің ғылыми жұмыстар конкурсына жолданды.