2023 жылдың 30 қараша куні Педагогика және психология білім беру бағдарламасының ПиП-31-1, СП-31-1 тобына М.Өтемісовтың 220 жылдығына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кураторлық сағаттың мақсаты университетіміз атын алып отырған Махамбеттей батырымыздың жеке басы мен шығармашылығы туралы студенттеріміздің білімдерін жүйелеу; ақынның өмірі мысалында мақсатқа ұмтылуды, белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелеу.
Кураторлық сағат барысында интерактивті, дамытушылық, проблемалық әдістер қолданылды. М.Өтемісов туралы ақпарат кезең-кезеңмен ұсынылып, содан кейін оларды талқылау және рефлексия жасалды. Студенттер Махамбеттің жалынды өлеңдерін оқып, М.Өтемісовтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап берді.
3 курс студенттері кураторлық сағатқа үлкен қызығушылықпен қатысты. Сынып сағатының нәтижелері бойынша барлық студенттер М.Өтемісовтың жеке басын және шығармашылығын жақсы білетіні анықталды. Студенттер өз пікірлерін ашық айтып, басқа студенттердің сөздерін тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Тапсырмаларды орындауға барлық студенттер белсенді қатысып, ұжымдық түрде талқылады.
Шара барысында ақынның өмірбаяны, оның шығармашылығындағы негізгі фактілерін түсіну арқылы талдау мен жалпылау; аудиторияда табысты өзара іс-қимылға қажетті жағдайлар жасау; патриоттық сезімдерді тәрбиелеу, ақынның жеке басына, қазақ халқының мәдениетіне деген қызығушылықты дамытуға үлес қосты деп санаймыз.Ұйымдастырушы: Педагогика және психология БББ аға оқытушысы Исмагулова Жанар Сансызбаевна





