"Өзіңді тану – өзгені тануға жол ашу" пәндік олимпиада

2023 жылдың 1 желтоқсан күні Педагогика факультеті, педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және педагог-асисстент білім беру бағдарламалары студенттеріне арналған осы оқу бағдарламасының магистранттары  "Өзіңді тану – өзгені тануға жол ашу" пәндік  олимпиадасын өткізілді. Пәндік олимпиадаға 4 команда қатысты. ПиП-11 тобынан «Абырой командасы»,  Пип – 22 ден «Психомышки командасы», СП – 21 ден «Сила трех» командасы мен  ПиП – 32 тобынан  «Инсайт» командалары қатысты.

Олимпиаданың ашылу салтанатын педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, педагогика факультетінің деканы Ергалиева Гульжан Алгазиевна қатысушыларға іс-шараға, ғылыми маңызды шараларға қатысу маңыздылығын атап өтіп, сәттілік тіледі, педагогика және психология білім беру бағдарламасының жетекшісі, аға оқытушы Абдираимова Эльмира Каирлиевна сөз алып, барлық студенттерге ақыл кеңестерімен бөлісіп, сәттілік тіледі.  

Әділқазылар алқасы: педагогика ғылмдарының кандидаты, доцент, педагогика факультетінің деканы Ергалиева Гульжан Алғазиевна, педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Мухамбетчина Ахлима Габделовна мен педагогика және психология БББ жетекшісі, аға оқытушы Абдираимова Эльмира Каирлиевна тағайындалды.

Олимпиада үш кезеңнен өтті, бірінші кезеңде: «Командалар шеруі» визит карточкасы, бұл кезеңде командалар өз ЖОО – мен таныстырып,  өз командаларын, білім беру мен қалай және қандай қызығушылықпен осы білім бағдарламасын таңдағандарын және команда девизін атап өтті,  «Педагог – психолог» имиджін ұсынды екінші кезеңде студенттер психологиялық жағдайларға қатысты, қазіргі таңда мәселе болып тұрған жағдятты жоба ретінде, презентация арқылы қорғады. Үшінші кезеңде «педагогикалық жағдаяттарды шешу», студенттерге конвертке салынған жағдаяттар ұсынылып, студенттер өз ұсыныстарын айтты.

Қорытынды бойынша «Ең үздік жоба» номинациясы бойынша «Абырой» командасы марапатталды, «Ең креативті таныстырылым» номинациясы бойынша «Инсайт» командасы марапатталды. Үздіктерді анықтау барысында, 3 – орын СП-21 «Сила трех» командасы алды.  2 – орынды ПиП – 11 ден шыққан «Абырой» командасы алса,  1 орын орынды – ПиП -22 ден шыққан  «Психомышки» командасы иеленді. Педагогика және психология БББ жетекшісі, аға оқытушы Абдираимова Эльмира Каирлиевна олимпиаданы қортындылып, жылы лебіздерін білдіріп, командаларды құттықтады.