Педагогика және психология және Әлеуметтік педагогика білім беру бағдарламалары бойынша 4курс студенттерінің кәсіби педагогикалық практикасының нұсқау конференциясы

Оқу жоспарына және оқу кестесіне сәйкес, күндізгі оқу бөлімінің 6В01101 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 4 курс (Пип-41, Пип-42 топтары) және 6В01801 - «Әлеуметтік педагогика» 4 курс (Спс-41, Спс-41-1 топтары) студенттерін 12.02.2024-25.05.2024 ж.ж. уақыт аралығында мектептерге кәсіби педагогикалық  практикадан өтуге жіберіледі. Осыған орай Педагогика және психология білім беру бағдарламасында 8 ақпан куні нұсқау конференциясы оздырылды. Конференцияға Педагогика және психология БББ жетекшісі Э.К.Абдираимова, аға оқытушысы, магистр, Ж.С.Исмагулова, оқытушы, магистр Б.Н.Тулегенова, мектеп гигиенасы бойынша «Биология, география, химия мұғалімдерін дайындау» БББ аға оқытушысы М.В.Мамышева,  ПиП-41, ПиП-42, СП-41, СП-41-1 топ студенттері мен топ кураторы,  оқытушы, магистр А.С.Женисова қатысты.

Конференцияның алғы сөзін Педагогика және психология БББ жетекшісі Э.К.Абдираимова ашып, аға оқытушысы, магистр Ж.С.Исмагулова практика бойынша Пип 41 тобының студенттері №42, 47, 50 ЖОББМ, Назарбаев Зияткерлік мектебіне, Пип -42 топ студенттері  №9, 17 ЖББОМ, Назарбаев Зияткерлік мектебіне, СПС-41 топ облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп интернаты, БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатына бөлінгендігі жөнінде таныстырып өтті. Әдіскер ретінде «Педагогика және психология» БББ аға оқытушы Э.К.Абдираимова,  мектеп гигиенасы бойынша «Биология, география, химия мұғалімдерін дайындау» БББ аға оқытушысы М.В.Мамышева бекітілген.

«Педагогика және психология» БББ жетекшісі, әдіскер Э.К.Абдираимова практика барысындағы студенттердің міндеттері, оқу тәртібін, практика ерекшеліктері мен ережелері жөнінде жалпы мағлұмат берді. Практика жетекшісі, аға оқытушысы Исмагулова Ж.С. практиканың мақсаты, міндеттері, жүру барысындағы тапсырмалар мен есеп құжаттарымен таныстырды.

Мектеп гигиенасы бойынша атқару қажет жұмыстармен, қойылатын талаптармен «Биология, география, химия мұғалімдерін дайындау» БББ аға оқытушысы М.В.Мамышева практика бойынша ұйымдастыру шараларымен таныстырды.

Нұсқау конференциясының қорытындысы ретінде студенттерге кәсіби-педагогикалық практикасының міндеттерін талапқа сәйкес орындау міндеттелді. Студенттердің кәсіби-педагогикалық практикаға қатысуын әдіскер тарапынан қадағаланатын болды.