«Денсаулығым байлығым, болашағым»

12 ақпан 2024 жылы  Педагогика және психология білім беру бағдарламасында аға оқытушы, магистр Ж.С.Исмагулованың ұйымдастыруымен жыныстық аурулардың алдын алу мақсатында «Денсаулығым байлығым, болашағым» атты дәрігер мамандармен кездесу өтті. Кездесуде 3 курс ПиП-31, ПиП-31-1, СП-31, СП-31-1, 2 курс ПиП-21 топтары БҚО АИТВ облыстық орталығының педагогы Умбетова Гульнара Каримовна және "Демеу" жастар денсаулық орталығы №4 қалалық емхана психологі Н.Д. Жумалиева, дәрігер-гинекологпен К.М.Бараковамен жүздесті.

Кездесу ЖИТС мен АИТВ-ның, ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері, денсаулық, тазалық және басқа да мәселелер сұрақ-жауап түрінде кездесу барысында талқыланды.

Жастарға «Демеу» жастар денсаулық орталығының жұмысы туралы ақпаратты жеткізу маңызды болды. Онда олар қызметтерді уақтылы және тегін ала алатындығын білді: психологтың, гинекологтың, нарколог –дәрігердің кеңесі және АИТВ-ға тест тапсыру, қызметтердің барлық түрлері міндетті әлеуметтік сақтандыру  шеңберінде ұсынылатындығы түсіндірілді.