2024 жылдың 1 ақпанында М.Өтемісов атындағы БҚУ, педагогика факультеті,педагогика және психология білім беру бағдарламасы Сп-41,Сп -31,Сп-31-1,Сп-21,ПиП-21 топ студенттерімен ашық дәріс өткізілді. Мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы жұртшылықты ақпараттандыру, сайлаушылардың электоралдық белсенділігін арттыру және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген ұстанымын қалыптастыру. Дәрісте лектор Дүниежүзі тарихы және әлеуметтік саяси пәндер БББ аға оқытушы Тұрар Төлегенұлы Шайхиев сайлаудың тарихымен,ерекшеліктерімен маңыздылығын түсіндірді.
Бұл күн 2005 жылы Будапештте (Венгрия) сайлауды ұйымдастырушылардың Бас конференциясында, сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде бекітілген және Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Дүниежүзілік сайлау күні деп атап өтілетін болған.
Дүниежүзілік сайлау күнін жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өту дәстүрі Қазақстан Республикасы толыққанды мүшесі болып табылатын Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының (ACEEO) бастамасымен басталды.