«Заманауи сабақ, тиімді және сапалы білім берудін негізі ретінде»

Жол картасы аясындағы семинар 1 ақпан куні М. Өтемісов атындағы БҚУ-нің педагогикалық факультет студенттеріне ұйымдастырылды. «Заманауи сабақ,  тиімді және сапалы білім берудін негізі ретінде» тақырыбында өткен іс-шараға педагогикалық тәжірибеден өткелі отырған «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері, топ кураторы оқытушы, магистр А.С.Женисова, практика жетекшісі аға оқытушы Ж.С.Исмагулова қатысты.

Семинар жұмысына «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының  Оралдағы филиалы педагогикалық және пәндік әдістер кафедрасының тренерлері Рысханым Куанаева, Рауан Мулдагалиева, Багдагул Габбасова, Динара Жумагалиева, Сәнім Эбитова, Менжан Мырзабулатов жетекшілік етті. Семинар «Әткеншек» әдісімен ұйымдастырылды. Мектептегі тәжірибе кезінде оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру және жоспарлауда көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған шарада «Оқу пәндері бойынша SMART мақсаты мен сабақты жоспарлау кезеңдері», «Заманауи сабақтың, белсенді әдіс-тәсілдері», «Саралап оқытудың, өзектілігі мен мүмкіндіктері», «Критериалды бағалау ерекшеліктері, кері байланыс» тақырыптарында бағыт-бағдар берілді.

Студенттер қысқа мерзімді сабақ жоспарын кұру, белсенді әдістер, бағалау және саралау әдістерімен танысты.

Кәсіби педагогикалық практика  алдында «Өрлеулік» тренерлердің жетекшілігімен өткізілген іс-шара студенттерге педагогикалық практикадан сәтті өтуіне үлкен қолдау болады деген үміттеміз.