«Біз - бірге күшпіз» тренингі

2024 жылы 7-9 ақпан аралығында «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасында оқитын студенттердің топтағы атмосферасын жақсарту, бір-біріне оң көзқарас қалыптастыру, жалпы адамдарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу мақсатында «Біз – бірге күшпіз» атты тренигтер кешені ұйымдастырылды. Тренингті «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, магистр Ж.С.Исмагулованың жетекшілігімен 4 курс студенттері жүргізді. Қатысушылар қатарынан 3 курс (ПиП-31, Пип-31-1, Сп-31, Сп-31-1) және 1 курс (Пип-11, П-11, Сп-11) студенттері табылды.

Тренингтер студенттік ұжымды біріктіруге, коммуникативтік дағдыларды, эмоционалдық тұрақтылықты, өзіне деген сенімділікті, бір-біріне мейірімді қарым-қатынасты дамытуға бағытталды. Тренинг жаттығуларын орындау арқылы болашақ педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, психологтар бір-бірін түсінуге үйренді. Тренингтер студенттерді өзін-өзі жетілдіруге, рефлексияға, коммуникативтік құзыреттілік тетіктерін меңгеруге ынталандыруда өзінің оң әсерін береді деген ойдамыз.