2024 жылы 27 ақпан күні ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды психологиялық қолдау көрсету бағытында «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы оқытушысы, магистр А.С.Женисова "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы" КММ қаламыздағы Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасымен бірігіп "Шаттыққа толы жүрекпен" атты психологялық семинар -тимбилдинг ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты:ерекше жандарымыздың жүректерін қуаныш пен шаттыққа толтыру және де ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету. Бала тәрбиелеудегі кедергілерге ата- ананың мойымауына, көңіл-күйін көтеруге, сезімдерімен эмоцияларын реттеуге, баланы оңалтуға бар күш-жігерін жұмсауға мотивация беру. Семинар барысында ата-аналар әртүрлі пішіндер таңдап топқа бөлінді. Тимбилдинг қатысушылары ата-аналар және әлеуметтік қызметкерлер өздері туралы фактілер айтты”Мен туралы…” Сондай-ақ эмоционалды күйзеліс туралы бейнеролик тамашалап, топ болып эмоционалды күйзелістен шығу жолдары туралы постер дайындап, сурет салып қорғады. Ата-аналардың көңілдерін көтеру мақсатында көптеген командалық жұмыстар өткізілді. Тимбилдинг соңында КММ бөлім меңгерушісі Ескендирова Сара Кабибуллинқызы семинарды қорытындылап, ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді жиналған барша ата-аналар мен әлеуметтік қызметкерлер кофе-брейкке қатысты.