Kездесу ұйымдастырылды

2024 жылдың  26 ақпан күні «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасында оқитын студенттердің «Ұлттық  құндылықтар» бағытындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес БҚО Дін істері  басқармасының  дін  мәселелерін  зерттеу орталығы, медиа  және  ақпараттық кеңістікті мониторингілеу бөлімінің  теолог  маманы  Абдрашит Абдрасул Арманұлымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының оқытушысы, магистр А.С.Женисова өткізді. Қатысушылар қатарынан 2 курс (ПиП-21) және 1 курс (Пип-11, П-11, ) студенттері табылды.

Батыс Қазақстан облысының діни орталығының маманымен кездесуге студенттер белсене қатысты. Өткізілген кездесуде студенттер діннің бағыттарымен  танысып, басқа ағымдағы  діндерден аулақ жүруге кеңес алды. Студенттерге жалпы әлемде болып жатырған террорлық әрекеттер туралы, сонымен қатар дәстүрлі емес діни ағымдардан қалай сақтану керектігін, олардың қоғамға тигізер зияны туралы сөз қозғады. Шара сонында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, пікірлерімен бөлісті.