2024 жылдың 29 ақпан күні 6В01801 Әлеуметтік педагогика, 6В01802 Әлеуметтік педагогика және педагог-ассистент білім беру бағдарламаларының білім алушыларына практикалық сабақ негізінде М.Мәметова атындағы №27 мектеп-лицейінің әлеуметтік педагогі Исатаева Замзагуль Сериковна және №28 мектеп-лицейінің әлеуметтік педагогі Утеляева Аида Канатовнамен кездесу ұйымдастырылды. Әлеуметтік педагог мамандар М.Өтемісов атындағы БҚУ түлектері, бүгінгі таңда тәжірибелі мамандар болып табылады. Студенттерге мектептегі әлеуметтік педагогтің қызметі, бағыттары мен ерекшеліктері туралы ақпараттар беріп, әлеуметтік педагог құжаттарымен таныстырды. Педагогикалық жағдаяттар беріп, студенттермен кері байланыс орнатылды. Білім алушылар әлеуметтік педагог мамандарға сұрақтар қойып, кеңес алды. М.Мәметова атындағы №27 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Нұрислам Адильжанов әлеуметтік педагогпен бірге орындаған «Жас меценат» жобасын презентациялады. Практикалық сабаққа Педагогика және психология білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, п.ғ.к. А.Г.Муханбетчина, оқытушы, магистр А.Ж.Кенжегалиева қатысып, мамандарға практикалық сабақтың тиімділігі туралы айтып, алғыс білдірді.