«Педагогика және психология» КММ-де ұйымдастырылған шараға аудан мектептерінің оқушылары қатысты.
4 курс СП-41 тобының студенттері Шандаев Тимурхан, Губайдуллина Сымбат және Уахит Аселим «Педагогика және психология» БББ бойынша тарихы, мұғалімдері, кабинеттері туралы презентация дайындап, көрсетті. 4 курс студенттері университетте академиялық ұтқырлық бойынша жұмыс жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтты. Олар өз мамандығын қалай таңдағанын, қазір оқу іс-әрекетінің қалай ұйымдастырылып жатқанын айтып берді.
Болашақ талапкерлерді «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының ерекшеліктерімен БББ жетекшісі Эльмира Қайырлиқызы Абдираимова таныстырып өтті. Ол ҰБТ-ға дайындық кезінде бейіндік пәндердің сұрақтарына назар аудару керектігін айтты.
Іс-шара барысында психолог, әлеуметтік педагог және педагог ассистент жұмысының негізгі бағыттарымен таныстыру, психодиагностикалық және түзету жұмыстарын жүргізу, психологиялық-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, іскерлік пен дағдыларды дамыту дағдыларына байланысты танымдық және практикалық тапсырмаларға шағын шолу жасалды.