«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы «Әлеуметтік педагогика және педагог-ассистент», «Психология» білім беру бағдарламалары бойынша, «Педагогика және әлеуметтік педагогика», «Психология» секциялары бойынша 2024 жылдың 12 сәуірінде «Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына» арналған 81-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты: студенттер мен жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін арттыру, өз жұмысының нәтижелерін өз бетінше таныстыруға мүмкіндік беру, ғылыми нәтижелерді көпшілік алдында талқылай отырып, аудитория алдында сөйлеу мәдениетін дамыту.
Соңында «Психология» секциясы бойынша п.ғ.к, аға оқытушы Муханбетчина Ахлима Габдиловна сөз сөйлеп, үздік деп танылған бірқатар студенттерді дипломдар және алғыс хаттармен марапаттады. Олардың қатарында,
1 дәрежелі дипломмен, Дарибаева Мөлдір Қалдыбекқызы, - Әлеуметтік педагогика және педагог-ассистент, БББ, СП-21 тобы (студент). «Жасөспірімдердегі оқу іс-әрекетін ынталандыру». Жетекшісі: оқытушы, магистр Кенжегалиева Айдана Женисовна;
2 дәрежелі дипломмен, Есенгелді Назерке Лесбайқызы, - Педагогика және психология, БББ, Пип-21 тобы (студент).«Бастауыш мектеп жасындағы бала өтірігінің психологиялық ерекшеліктері» Жетекшісі: аға оқытушы, магистр Исмагулова Жанар Сансызбаевна.
3 дәрежелі дипломмен, Кучерова Анна Николаевна - Педагогика және психология, БББ Пип-22 тобы (студент). «Факторы и механизмы массовой паники при черезвычайных ситуациях» Жетекшісі: оқытушы, магистр Сисенғали Аида Ардаковна;
Соңында «Педагогика және әлеуметтік педагогика» секциясы бойынша п.ғ.к, аға оқытушы Муханбетчина Ахлима Габдиловна сөз сөйлеп, үздік деп танылған магистранттар мен студенттерді дипломдар және алғыс хаттармен марапаттады. Олардың қатарында,
1 дәрежелі дипломмен Мырзағалиева Айнара Райысқызы, - Педагогика және психология БББ, 1 курс (магистранты) «Жоғары сынып мектеп оқушыларының гаджеттерді пайдаланған кездегі интернет-кеңістікке тәуекелділіктің әсерін диагностикалау» Жетекшісі: PhD доктор, аға оқытушы Кажимова Карылгаш Рахымовна.
2 дәрежелі дипломмен Андрианова Анастасия Антоновна, - Педагогика және психология БББ, 1 курс (магистранты) «Формирование коммуникативной культуры личности посредством коммуникативных действий» Жетекшісі: PhD доктор, аға оқытушы Аманова Арай Кокораевна.
3 дәрежелі дипломмен Қазиханова Дана Аманбайқызы, - Педагогика және психология БББ, 1 курс (магистранты) «Мектептегі буллингті жеңу және алдын алу жолдары». Жетекшісі: PhD доктор, аға оқытушы Кажимова Карылгаш Рахымовна.
1 дәрежелі дипломмен Қыдырсихова Аяулым Муратхановна, - Әлеуметтік педагогика және педагог-ассистент, БББ, СП-21 тобы (студент). «Әлеуметтік педагогтың дарынды балалармен жұмыс әдістемесі». Жетекшісі: оқытушы, магистр Кенжегалиева Айдана Женисовна;
2 дәрежелі дипломмен Мукашева Зарина Тілектесовна, - Әлеуметтік педагогика және педагог-ассистент, БББ, СП-21 тобы (студент). «Әлеуметтік педагогтың кіші мектеп жасындағы балалармен жұмысының ерекшеліктері». Жетекшісі: оқытушы, магистр Кенжегалиева Айдана Женисовна марапатталды.