20.09.2024 ж. Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 4 курс Пип - 42 тобының студенттері, аға оқытушы, магистр Исмагулова Жанар Сансызбайқызының жетекшілігімен 1 курс студенттеріне арналған топтық рухты нығайту және өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту мақсатында «Біз бір командамыз!» тренингін өткізді. Іс-шара тренингтік жаттығулар форматында жүргізілді, бұл қатысушыларға бір-бірімен жақынырақ танысып қана қоймай, бірге жұмыс жасауға мүмкіндік берді.
Тренинг сәлемдесу мен сергітуден басталды, бұл шиеленісті жеңілдетуге және сенім атмосферасын құруға көмектесті. Содан соң студенттер ұжымды біріктіру және бірлескен шешімдер қабылдау жаттығуларына қатысты. Қатысушылар креативтілік пен бастамашылдық танытты, бұл топ ішіндегі қарым-қатынасты жақсартуға ықпал етті. Шара соңында рефлексия өтіп, студенттер өз әсерлерімен және қорытындыларымен бөлісіп, тренинг бір-бірін жақсы түсінуге, бір-бірі туралы көп нәрсені білуге көмектескенін, топтық жұмыс пен өзара көмектің маңыздылығын атап өтті.
Мұндай іс-шаралар білім алушылар арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, болашақта табысты оқытудың негізін қалап, студенттер арасындағы тиімді өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың негізін құрайды, оқу ортасында сәтті бейімделуге ықпал етеді.