24.09.2024 ж. «Әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Педагогика және психология білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, магистр Исмагулова Жанар Сансызбайқызының жетекшілігімен 1 курс студенттеріне арналған «Студенттік өмірге жол» тренингін өткізді. Тренинг студенттерді жаңа сын-қатерлер мен мүмкіндіктерге дайындауға, сондай-ақ қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және командада жұмыс істеуге бағытталған. Шара тренингтік жаттығулар форматында өтті, бұл студенттерге жаңа жағдайларға бейімделуге және әлеуметтік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.
Тренинг сәлемдесу мен танысудан басталды, бұл топта жұмыс істеу үшін жайлы және шығармашылық атмосфераны құруға мүмкіндік берді. Содан кейін студенттер бір-бірімен қарым-қатынас дағдыларын жақсартуға көмектесетін жаттығуларға қатысты. Сондай-ақ студенттердің күнделікті өмірі, соның ішінде оқу, бос уақыт, қарым-қатынас және студенттік өмір туралы бейне көрсетілді. Іс-шара соңында рефлексия өткізіліп, онда студенттер өз әсерлерімен және қорытындыларымен бөлісті. Аталған шара бірінші курс студенттері үшін құнды тәжірибе болды, бұл оларға жаңа ортаға үйренуге ғана емес, сонымен қатар студенттік өмірдің сәтті өтуі үшін қажетті маңызды дағдыларды дамытуға көмектесті.