«Қарттар біздің асыл қазынамыз!»

02.10.24 ж. «Әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Педагогика және психология білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, магистр Исмагулова Жанар Сансызбайқызының жетекшілігімен қариялар күніне байланысты құттықтау шарасын өткізді.Қариялар күніне арналған құттықтау шарасының мақсаты – үлкендерге құрмет көрсетіп, олардың өмірлік тәжірибесі мен еңбектерін бағалауға бағытталып, қоғамның үлкендерге деген ілтипаты мен қамқорлығын білдіру.Шараның қонағы  Педагогика және психология білім беру бағдарламасының психология ғылымдарының кандидаты, доцент - Кеңес Айтжанұлы Нұрғалиев.Топ студенттері шараны құттықтау сөздермен алғыс хат табыстаумен бастады. Кеңес Айтжанұлы Нұрғалиевпен бірге өмір жолы мен жетістіктері туралы  қысқаша айтылып өтті.

Кеңес Айтжанұлы Нұрғалиев - 1984 жылы КСРО Ғылым Академиясының психология институты (қазіргі Ресей Ғылым Академиясы Психология институты, Мәскеу қаласы) жанындағы докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі ғылыми кеңесте «Проблемалық жағдайларды шешудің этно-психологиялық ерекшеліктері» кандидаттық диссертациясын сәтті қорғаған. КСРО халыққа білім беру жөніндегі Мемлекеттік комитетінің 1991 жылғы 29 қарашадағы шешімімен психология бойынша доцент атағы берілді. К.А.Нұрғалиев 1990-1991 жылдары конкурс бойынша өтіп, КСРО халыққа білім беру жөніндегі Мемлекеттік Комитеті мамандармен алмасу жөніндегі мемлекетаралық бағдарлама шеңберінде Бейжің педагогикалық университетіне, психология факультетінде, Қытайдан тағылымдамадан өткен.К.А.Нұрғалиев V-ші (Мәскеу қ., 1977 ж.) VI-ші (Мәскеу қ., 1983 ж.), VII-ші ( Мәскеу қ., 1989 ж.) КСРО психологтар қоғамының Бүкілодақтық съездерінің және көптеген халықаралық, республикалық және аймақтық симпозиумдар мен конференциялардың жұмыстарына белсенді қатысты.Ғылыми қызығушылық саласы: этно-лингвопсихология, шығармашылық ойлау психологиясы, тұлға психологиясы, басқару психологиясы, практикалық психология. Ол орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде 37-ден астам баспа басылымдарын жариялады, оның жетекшілігімен психология бойынша 26 магистрлік диссертация қорғалды.Шараның  соңы жақсы тілектер мен Кеңес Айтжанұлы Нұрғалиевпен бірлескен жылы естелік ретінде фотосуреттер түсіру арқылы аяқталды.

Қорытындылай келе, мұндай шараны ұйымдастыру үлкендерге деген қамқорлықты көрсетіп қана қоймай, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға да үлкен әсерін тигізетініне көзіміз жетті.