2024 жылдың 15 қарашасында Педагогика және психология білім беру бағдарламасының түлектерімен «Білікті маман - жоғарғы оқу орнының көрсеткіші» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты: білім беру деңгейін арттыру және қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін жоғары білікті мамандарды даярлау қажеттілігін түсіндіру.
Дөңгелек үстелге Педагогика және психология, Әлеуметтік педагогика білім беру бағдарламаларының 4 курс студенттері, БББ жетекшісі, аға оқытушы, магистр Э.К.Абдираимова, сондай-ақ білім беру бағдарламасының оқытушылары мен магистранттары қатысты. Шараға Сырым ауданының Абай атындағы кешенді мектеп-балабақшасының педагог-психологы, педагог-сарапшы Айнагүл Марленқызы Қажкенова және Бәйтерек ауданының №2 ауруханасының маман-психологы Тимур Бекбайұлы Габдулин шақырылды. Олар өздерінің кәсіби жетістіктері, жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, оқу процесінде теориялық білім мен өзін дамытудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында түлектер студенттік өмірден алған әсерлерімен бөлісіп, оқушылармен, ата-аналармен және ұжыммен жұмыс жасауда кездесетін қиындықтар, сондай-ақ кәсіби қызметіндегі жағымды сәттер мен шабыттандыратын жағдайлар туралы баяндады. Студенттердің сұрақтарына жауап бере отырып, практикалық ұсыныстармен және кеңестерімен бөлісті. Теориялық дайындықтан басқа, болашақ мамандар әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, практикалық дағдыларды белсенді түрде дамытуы керек екендігі ерекше атап өтілді.
Іс-шара студенттердің түлектерге қызықты және пайдалы әңгімелері үшін алғыс айтуымен аяқталды. Дөңгелек үстелде сұхбаттар, шығармашылық жұмыстар, музыкалық нөмірлер және плакаттарды қорғау жұмыстары жүргізілді. Іс-шара білікті мамандар мен студенттер арасындағы байланысты нығайтуға көмектесті, болашақ мамандарды даярлау бойынша нәтижелі және жүйелі жұмысты қамтамасыз етті.