Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсы оздырылды

2024 жылдың 20-22 қараша  аралығында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) конкурсының университетішілік кезеңі ұйымдастырылды. «Педагогика» және «Психология» секциясы бойынша 6В01101 – «Педагогика және психология», 6В01801 – «Әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламаларының 2-4 курс студенттері белсене қатысты.

«Психология» секциясы бойынша төраға – БББ жетекшісі, аға оқытушы, магистр Э.К.Абдираимова қатысушыларға сәттілік тілеп, комиссия мүшелері пс.ғ.к., доцент К.А. Нургалиев, оқытушы, магистр А.А.Сисенғали, оқытушы, магистр А.Ж.Кенжегалиева әр студенттің ғылыми-зерттеу жұмыстарын мұқият тыңдап, тәжірибелік бөлімдегі нәтижелерін саралады. 6В01802 Әлеуметтік педагогика БББ  СП-31 тобы студенті З.Мукашева «Зерде бұзылыстары бар балалардың әлеуметтенуінде арт-терапияның маңызы» атты тақырыбындағы зерттеу жұмысымен 1-орын иемденсе, СП-31 тобы студенті М.Дарибаева «Зерде бұзылысы бар балалардың эмоционалдық жағдайы:себептері мен шешімі» тақырыбындағы баяндамасымен 2-орын, 6В01101 Педагогика және психология БББ Пип-21 тобы студенті Б.Тұрсынғалиев «Квадробер феномені: заманауи мәдениеттің адам психологиясы мен қоғамға ықпалы» атты зерттеу жұмысымен 3-орын, Пип-21 тобы студенттері Ә.Жахан мен А.Махамбет алғыс хатпен марапатталды.

«Педагогика» секциясы бойынша төраға - п.ғ.к., аға оқытушы А.Г.Муханбетчина, комиссия мүшелері аға оқытушы, магистр Ж.С.Исмагулова, оқытушы, магистр  Б.Н.Тулегенова, оқытушы, магистр Ж.Г.Байгалиева ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүйелі талдап, студенттерді мұқият тыңдады. 6В01101 Педагогика және психология БББ Пип-31 тобы студенті Н.Есенгелді «Геймификация: технологияны іске асырудың мәні, мазмұны, жолдары» тақырыбындағы баяндамасымен 1-орын, Пип-31 тобы студенті Д.Амреева «Педагогикалық қарым-қатынас оқытушы мен студенттердің ынтымақтастығының бір түрі ретінде» тақырыбындағы баяндамасымен 2-орын, Пип-31 тобы студенті Д. Нұрлыбекова «Студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуін ынталандыру оның жеке дамуының шарты ретінде» атты зерттеу жұмысымен 3-орын иеленді. 6В01801 Әлеуметтік педагогика БББ СП-41 тобы студенті Г.Әуесбаева «Әлеуметтік педагог жұмысын цифрландыру» өзекті тақырыпта зерттелген жұмысы үшін алғыс хатпен марапатталды.  Болашақ жас ғалымдарға пс.ғ.к., доцент К.А. Нургалиев алғыс білдіріп, ғылыми-зерттеушілік жолда талмай ізденуді талап етіп, сәттілік тіледі.