«Жастық жалын - асыл арман бастауы»

12.11.2024 ж. 6В03105 Психология білім беру бағдарламасының 1 курс П - 11 тобының студенттерімен оқытушы, магистр Байгалиева Жадыра Гарипуллиевнаның жетекшілігімен жастардың арман-мұраттарын қалыптастыру, өз болашағына деген сенімділікті арттыру, өмірлік мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған «Жастық жалын-асыл арман бастауы» атты кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағат  топ кураторы оқытушы, магистр Ж.Г.Байгалиеваның құттықтауымен ашылды. Педагогика және психология БББ 2-курс магистранты А.Б.Олжағали «Жастық жалын - асыл арман бастауы» тақырыбымен презентация көрсетіп, Г.Қуаныш «Жылы жүрек – жақсы тілек» тақырыбында тренинг өткізіп, Г.Қ.Қуаныш және Г.Б.Салихат «Менің мамандығымның болашағы» тақырыбында студенттермен бірге топтық жұмыс жүргізді. А.Р.Мырзағалиева «Қарым-қатынас көпірі» атты ойын-жаттығу және Г.З.Таңатова «Мотивациялық сыйлық арқылы кері байланыс» рефлексиялық әдіс арқылы кураторлық сағатты қорытындылады.

Шара барысында студенттер өз армандары мен мақсаттары туралы ой бөлісіп, топтық жұмыстарға қатысты.