Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл

2024 жылдың 3 желтоқсанында Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған әдеби-шығармашылық кураторлық сағат ұйымдастырылды. Шараны Исмагулова Ж.С., Сисенғали А.А. және педагогика және психология білім беру бағдарламасының магистранттары  Сабирова Айнұр, Казиханова Дана және Рыскельдинова Асем әзірлеп, оған Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 4-ші және 2-ші курс студенттері қатысты. Кураторлық сағаттың мақсаты – Фариза Оңғарсынованың әдеби мұрасын дәріптеу, оның шығармашылығы арқылы студенттердің рухани және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Іс-шара барысында студенттерге ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы маңызды мәліметтер ұсынылып, қатысушылар оның өлеңдерін жатқа оқыды. Өлеңдер мазмұны жан-жақты талқыланып, поэзияның терең идеялары мен бүгінгі күнгі маңыздылығы туралы ой бөлісті. Интерактивті бөлімде қатысушылар «Фариза жырларындағы рух пен нәзіктік» тақырыбында пікір алмасып, ақын шығармашылығының жастарға рухани әсері туралы өз көзқарастарын ортаға салды. Кураторлық сағат студенттерге Фариза Оңғарсынованың шығармашылық мұрасына тереңірек үңіліп, әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тамаша мүмкіндік берді.